Астанада әскери қызметкерлер арасында мини-футболдан чемпионат басталды

12 Желтоқсан, 2013 09:30
Кеше, 11 желтоқсан Астанадағы «Жас ұлан» республикалық мектебінде Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі құрылымдық бөлімшелерінің арасында Қорғаныс министрінің кубогына мини-футболдан чемпионат басталды, деп ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

«Жыл сайын Тәуелсіздік күні қарсаңында қорғаныс ведомствосы құрылымдық бөлімшелерінің арасында футзалдан жарыс өткізу дәстүрге айналды», - делінген хабарламада.

Жеребе бойынша екі топқа бөлінген 10 команда бүгін іріктеу ойындарын өткізуде.

Іріктеу тураларынан кейін ақтық мәреде  ҚР Қорғаныс министрінің кубогының иесі анықталады.

 

 

Барлық жаңалықтар