- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО-да 265 млрд.теңгенің мүлкі мен ақша жария етілді
ОҚО-да 265 млрд.теңгенің мүлкі мен ақша жария етілді
Қаржы басқармасы басшысының айтуынша, жария етілгендердің ішінде құны 108,8 млрд. теңгені құрайтын 11711 жылжымайтын нысан заңдастырылған. Оның 43.7 млрд. теңгесі Шымкент қаласына тиесілі болса, 65,1 млрд. теңге аудан-қалалардың үлесі. Жария етілгендердің ішінде құны 75,2 млрд. теңгені құрайтын 10225 тұрғын үй, 33,6 млрд. теңгелік 1486 коммерциялық және басқа да нысандар бар.
Ал, Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде орналасқан, жалпы құны 422,3 млн. теңгені құрайтын 50 жылжымайтын мүлік, 12 заңды тұлғалардың жарғылық капиталына қатысу үлесі және 3 бағалы қағаздар бойынша қабылданған өтініштер заңдастырылды. Сонымен қатар 155,9 млрд. теңге жария етілді.
«2016 жылдың 30 желтоқсанында еліміздегі мүліктер мен қаржыларды жария ету жұмыстары аяқталды. Қорытындысында жоғары көрсеткіштерімен белсенділік танытқан Оңтүстік Қазақстан облысы елімізде төртінші орынды иеленді. Енді осы заңдастырудың нәтижесінде жыл сайын облыс бюджеті 55 миллион теңгеге салық түсімдерімен көбейіп отыратын болады. Жылжымайтын мүліктерін банктерге кепілге қою арқылы несиелер алып бизнесін кеңейте алатын азаматтардың қатары көбейді. Олардың кәсіпкерлікпен айналысып, өндіріс ұлғайтуға, табысын еселеуге мүмкіндіктері мол. Мұның облысымыздың экономикасын тиімді дамытуға көмегі көп болатыны сөзсіз», – деді Кеңесбек Нүсіпқұлұлы.
«Енді елімізде заңдастырылмаған мүлік үшін ешқандай ескертусіз бірден 530250 теңге (250 АЕК) айыппұл салынады. Ал, егер бұл талап бір жыл ішінде орындалмаса, заңсыздық жойылмаса, 500 АЕК көлемінде айыппұл төлетіледі. Мүлкі мен қаржысын заңдастырып үлгермегендерді осындай жаза күтіп тұр. Ал, осы үш кезеңде барлық дүниесін жария еткендер туарлы мәлімет ешкімге берілмейді және олар мемлекет тарапынан барлық жағынан қорғалады», – деді Әбдісалан Жораұлы.
Қазақстан азаматтары 2020 жылдан бастап жаппай табыс декларациясын тапсырады.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады