- Басты
- Жаңалықтар
- Қызылорда облысында АҚБ бойынша 175 жұмыс орны ашылды
Қызылорда облысында АҚБ бойынша 175 жұмыс орны ашылды
Бүгінде шағын және орта кәсіпкерліктің ең басты қажеттілігі – ол қаржыландыру екені белгілі. Сондықтан да, Қызылорда облысының әкімдігі мен «Даму» Қоры бірлесіп, «Даму-Аймақтар» бағдарламасының жүзеге асуы үшін 1,5 млрд.теңге қаражат бөлген болатын. Аталған бағдарлама аясында аймақтың кәсіпкерлері 8,5% үстемемен 180 млн.теңгеге дейінгі несиені «Қазақстан Халық Банкі» АҚ, «Банк ЦентрКредит» АҚ және «Казкоммерцбанк» АҚ секілді екінші деңгейлі банктерден алуға болатын бірегей мүмкіндікке ие болды.
«Даму-Аймақтар» бағдарламасының тиімділігін пайдаланған кәсіпкерлердің бірі «Спортмастер СБ» ЖШС компаниясының директоры Бауыржан Махмутов. Ол «Банк ЦентрКредит» АҚ 8,5% үстемемен 20 млн.теңге көлемде алған несиесін «Арай» мөлтек ауданында спорттық кешен ашуға жұмсады. Жас старт-аппер несие қаражатына қол жеткізу мақсатында «Даму» Қорының бөлшек кепілдендіру бағдарламасын да пайдаланды.
Облыс әкімдігі мен қор арасында 2017 жылы ынтымақтастықты жалғастыру туралы меморандумға қол қойылған болатын. Үстіміздегі жылы да «Даму-Аймақтар» бағдарламасы аясында кәсіпкерлер үшін 180 млн.теңгеге дейін жеңілдетілген несие қолжетімді болды. Негізгі құралдары қайта жаңғырту мақсатындағы несиені 60 айға дейін берілсе, ал айналым қаражатын толтыруға 36 айға дейін мерзімге несие алу мүмкіндігі қарастырылған. Несиені кепілдендіру мөлшері жетіспеген жағдайда кәсіпкерлер «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясындағы бөлшек кепілдендіру құралын пайдалана алады. Кепілдендіру мөлшері әрекет етуші кәсіпкерлер үшін - 50%, ал бастауыш кәсіпкерлерге – несие сомасының 85% дейін қарастырылған.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды