- Басты
- Астанада ЭКСПО-2017-ге арналған қосымша 23 қонақ үй кешені пайдалануға беріледі
Астанада ЭКСПО-2017-ге арналған қосымша 23 қонақ үй кешені пайдалануға беріледі

Бүгінгі күні Астанада 12 482 орынға арналған 164 қонақ үй бар. ЭКСПО-2017 өткізілетін кезеңде 2 829 орынға есептелген тағы 23 қонақ үй кешенін пайдалануға беру жоспарланып отыр. Сонымен қатар, қалада 664 орынға арналған 25 хостел жұмыс істейді. 2017 жылдың мамыр айына дейін қонақ үйлер мен хостелдерде 15 975 орын дайындау көзделген.
Қала әкімдігі қонақтарды орналастырудың қосымша орындары ретінде жоғары оқу орындары мен колледждердің жатақханалары, жалға берілетін пәтерлерді қарастырып отыр. Бүгінгі күні 1 710 орындық 10 колледж жатақханасы әзірленді, олар республика өңірлерінен келетін 40 000 оқушыны орналастыруға мүмкіндік береді. 2017 жылдың мамырына қарай жатақханаларда 9 000 орын дайындау жоспарланып отыр.
Бұдан басқа, қала бойынша 18 мың пәтер жалға беріледі, соның 3 мыңы тәулік бойынша тапсырылады, бұл 10 000 адамға 3-4 төсек орынды қарастырады.
Мұнымен қоса, ЭКСПО өткізілетін кезеңдегі оқиғалық шаралардың күнтізбесі жасалды. Ал туристерге ыңғайлы болуы және тілдік кедергіні азайту үшін «Friendly Taxi» жобасы іске қосылды. Бұл жүйе Астана қаласының шетелдік қонақтары мен таксопарк жүргізушілерінің арасында коммуникациялар орталығы болып табылады. Жоба іске қосылғалы жүйеге қалалық таксопарктердің 300 автокөлігі қосылды.
-
«Ashyq» қосымшасы қалай жұмыс істейді
-
Зейнетақы жүйесінің дамуы: Қандай өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі
-
ТЖМ: Су тасқынына дайындық және тұрғын үйлердегі өрттің алдын алу мәселелері
-
ҚР 2021-2025 жылдарға арналған сауданы дамытудың мемлекеттік бағдарламасы қалай жүзеге асады
-
Еңбекмин: зейнетақы жүйесі, АӘК және балалы отбасыларды әлеуметтік қолдау шаралары
-
Қазақстандағы эпидахуал: ауру жұқтырғандар көрсеткіші, вакцинациялау науқаны, бизнеске арналған мобильді қосымша
-
Сот жүйесінің реформасы және өзекті мәселелері
-
Көппәтерлі тұрғын үйлерді басқару ержелеріне енген өзгерістер. Тұрғындар нені білу керек
-
COVID-19: Үндістанда ауырғандар саны 11 млн-нан асты, Финляндияда электронды сертификат беріледі
-
«Tynda» мобильді қосымшасы іске қосылды
-
Діни басқарма спорт кешенін салып, пайдалануға берді
-
2021 жылы қазақстандықтар үшін қандай тұрғын үй бағдарламалары қолжетімді
-
«ASHYQ» қосымшасы: Пилоттық жобаға қатысты жиі қойылатын сұрақтар
-
ҚР-дағы эпиджағдай: Шекараны кесіп өтудегі өзгерістер, «Ashyq» қосымшасы, 65+ жастағыларды вакцинациялау мәселесі
-
«E-Salyq Azamat» мобильді қосымшасының мүмкіндіктері

