Ақтөбе облысында шалғай елді мекендер 83%-ға дәрі-дәрмекпен қамтылған

10 Қаңтар, 2017 18:53
Ақтөбе облысында дәрі-дәрмектер өткізумен 455 медициналық мекеме шұғылданады, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта маңызды проблемалардың бірі шалғайдағы елді мекендердің тұрғындары үшін дәрі-дәрмектердің қолжетімділігі болып қалуда. Бұл тұрғыдан алғанда медициналық дәрі-дәрмектермен қамтушылық бүгінгі күні 83%-ға жетіп отыр. Ең жоғарғы көрсеткіш Мұғалжар ауданында, ал төмені Байғанин ауданында орын алуда. 

2016 жылдың сәуірінде Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі мен қоғамдастық арасында фармацевтика саласында медициналық бағыттағы өнімдер мен дәрі-дәрмектер бағасын тұрақтандыру мақсатында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Меморандумға сәйкес, 106 дәрі-дәрмекке тұрақты негізде баға мониторингі жүргізіледі. Мониторинг нәтижесінде 66 атаудың бағасы төмен, 58-і — белгіленген мөлшерге сәйкес келетіні анықталды, ал 12 дәрі-дәрмек атауы дәріханаларда болмаған.    

Барлық жаңалықтар