- Басты
- Жаңалықтар
- Шығыс Қазақстанда үш тілділікті енгізу мәселелері талқыланды
Шығыс Қазақстанда үш тілділікті енгізу мәселелері талқыланды
Мысалы, ШҚО әкімдігінің 2016 жылғы 8 шілдедегі қаулысына сәйкес, өткен жылдың 1 қыркүйегінен бастап барлық білім беру ұйымдарында қазақ, орыс және ағылшын тілдерін оқытуға оқу жоспары бөлігінен сағат саны көбейтілген.
Сондай-ақ жаңа жылдың басынан бері қазақ тілінде оқытылмайтын мектептер үшін сөйлеу қызметінің төрт түрі бойынша деңгейлік даярлық бағдарламаларына сәйкес профессор Ф. Оразбаева әзірлеген қазақ тілі оқулықтары алынған. Облыстың барлық білім беру ұйымдары «Cambridge University Press» баспасының ағылшын тілі оқулықтарымен қамтамасыз етілген. Мәскеу мемлекеттік педагогикалық университетімен орыс тілінде оқытылмайтын мектептер үшін орыс тілі оқулықтарын дайындау туралы меморандум жасалған. Бүгінгі таңда орыс тілінің мұғалімдері орыс тіліне деңгей бойынша оқыту жөніндегі оқу-әдістемелік кешенінің электронды нұсқаларымен қамтамасыз етілген.
Сондай-ақ Жоспар аясында тілдерді оқыту кезінде сыныптар 10-12 оқушыдан аспайтын кіші топтарға бөлінеді. Мұғалімдер үшін оқыту курстарын ұйымдастырумен қатар сараланған материалдық көтермелеу көзделген.
2017 жылдан бастап Кешенді жоспарды іске асырудың екінші кезеңі басталады, ол оқыту курстарын жалғастыру, ағылшын тілінің үздік мұғалімдері арасынан жаттықтырушыларды даярлау, сөйлеу қызметінің төрт түрі бойынша оқушылардың тілдік коммуникативтік біліктіліктеріне диагностика жүргізу, оқушыларға үш тілде қосымша білім беру бағдарламаларын әзірлеу және пән мұғалімдерін кәсіптік ағылшын тілін және пәндерді ықпалдастырылған оқыту әдістемесін оқыту сияқты шараларды көздейді.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері