- Басты
- Жаңалықтар
- Павлодар облысының 200 мектебінде шахмат үйірмелері ашылды
Павлодар облысының 200 мектебінде шахмат үйірмелері ашылды
Облыс әкімдігі хабарлағандай, аталған жобаны іске асыру үшін облыстық бюджеттен 126 млн. теңге бөлінді.
Үйірмелерді салтанатты түрде ашу шеңберінде 3121 адамнан астам оқушы қамтылған бір реттік ойын сеансы ұйымдастырылды.
Павлодар қаласының № 25 жалпы білім беру мектебіндегі шахмат үйірмесінің салтанатты ашылуына облыс әкімі Болат Жұмабекұлы Бақауов қатысты. Сонымен қатар, халықаралық гроссмейстер, сеньориталар арасындағы 2013 жылғы әлем чемпионы Елена Анатольевна Анкудинова мектеп оқушыларымен бір реттік ойын сеансын өткізді.
Қазақстан Республикасында 2017 жылы «Мектептегі шахмат» пилоттық бағдарламасы бастау алады. 2017-2020 жылдары бағдарламаны апробациялау жоспарланған болатын. Жобаға республикамыздың 3 облысы: Алматы, Қызылорда, Павлодар қатысатын болады.
2017 жылғы қыркүйек айынан бастап Павлодар қаласы мектептерінің сегіз мектебінде және Павлодар ауданының екі мектебінде 2-сынып оқушылары үшін «Шахмат үйренейік» элективті курсын енгізу жоспарлануда. Пилотты мектептердің 2-сынып оқушылары факультатив сабақтарында шахмат әлемімен танысатын болады.
Аталған жобаға қатысу үшін Павлодар облысы кездейсоқ алынған жоқ, себебі облыста үш мыңнан астам бала шахмат ойынымен әуестенеді. Облыста жыл сайын мектеп спартакиадалары шеңберінде шахмат турнирлары өткізіледі. Жыл сайын бұл жарыстарда шахмат ойнаушы балалардың саны артуда.
-
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
Елордада Дина Нұрпейісованың ескерткіші ашылды -
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды -
Ақтөбе облысының дамуы: Өңірдегі эпиджағдай, инвестиция және ШОБ-ты қолдау шаралары -
Ақмола облысының дамуы: Азық-түлік бағасын тұрақтандыру, инвестиция және түрғын үй мәселері -
Атырау облысының дамуы: Эпидемиологиялық ахуал, инвестиция, ШОБ және тұрғын үй мәселелері -
Павлодар облысының дамуы: Инвестиция, ауыл шаруашылығы және жол мәселелері -
Маңғыстау облысының дамуы: Туризм, ауыл шаруашылығы, инвестиция және ауыз су мәселесі