• Басты
  • Б. Сағынтаев: Жастар арасында мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуы туралы ақпараттық жұмысты күшейту қажет
10 Қаңтар, 2017 12:34

Б. Сағынтаев: Жастар арасында мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуы туралы ақпараттық жұмысты күшейту қажет

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев Үкімет отырысы барысында министрліктерге жастар саясатын сапалы жүзеге асыруды қамтамасыз ету және жастарды мемлекеттік қолдау шаралары туралы тиімдірек ақпараттандыру бойынша тапсырма берді.
Б. Сағынтаев: Жастар арасында мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуы туралы ақпараттық жұмысты күшейту қажет

Премьер-Министр Қазақстанда халықтың төрттен бір бөлігінің жастар екенін еске салды. Олар елдің одан әрі дамуына бағыттала алатын зор әлеует болып табылады.

Б. Сағынтаев жастар саясаты дегеніміз мемлекет пен жастар арасындағы қарым-қатынас қана емес екенін атап өтті. Бұл бағыттағы жұмыстардың тиімді болуы үшін оған қоғам да, бизнес те қызығушылық танытуы тиіс. Әсіресе, ел аймақтарындағы жастар саясатының сауатты жүзеге асырылуы аса маңызды. 

Primeminister.kz хабарлағандай, отырыс барысында жастар өкілдері тыңдалды. Олардың ішінде «Болашақ» республикалық қозғалысының төрағасы мен «Жастар үні» жастар бірлестігінің төрағасы Дәурен Бабамұратов, Ұлттық волонтерлік желісінің төрайымы Вера Ким және Қазақстан студенттер Альянсының басшысы Мержан Әбілқас болды. 

«Жастар саясатының басымдықтарын Мемлекет басшысы желтоқсан айында өткен жастар форумында белгілеп берген болатын. Осыған байланысты Дін істері және азаматтық қоғам министрлігіне жастардың белсенділігін ынталандыру үшін жаңа тетіктер мен тәсілдерді пайдалана отырып Мемлекет басшысының нұсқауларын жүзеге асыруды қамтамасыз етуді тапсырамын», - деді Б. Сағынтаев.

Сонымен қатар, Премьер-Министр Ақпарат және коммуникация министрлігіне әсіресе, жастар арасында кеңінен таралған ғаламтор мен әлеуметтік желілерде мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылуы бойынша ақпараттық жұмыстарды күшейтуді тапсырды. Әрі, бұл жұмыс жүйелі түрде қолға алынуы тиіс. 

 

 

 

 

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды