Өңірлер

Е. Астаев Жамбыл облысының бірқатар шаруа қожалықтарын аралады

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Ертарғын Астаев Жамбыл облысындағы аграрлық сектордың даму барысымен танысты, деп хабарлады Сенат.
Жамбыл10 Қаңтар , 12:56

 Аймаққа сапар барысында сенатор бірқатар кәсіпорындар мен шаруа қожалықтарында болып, жергілікті тұрғындармен кездесті. Жамбыл ауданындағы Шайқорық ауылында Е. Астаев ауыл шаруашылығын өркендетудің қазіргі заманғы тәсілдерін қолдана отырып, жеміс-жидек өсіретін «Шығыс бағы» ЖШС жұмысымен танысты. 50 гектар жерге алма бағын өсіру қолға алынып, аймақта алғаш рет тамшылатып суару жүйесі енгізілді.

Е. Астаевтың айтуынша, алманың көптеген түрлерін өсіруге мүмкіндік беретін аймақтың табиғи жағдайы бақша шаруашылығына жаңа технологияларды кеңінен қолдануға ықпал етеді. Депутат жергілікті жеміс-жидектерді бұдан былай экспортқа шығару қолға алынатынына сенім артатынын жеткізді. Сенатор асыл тұқымды жылқы мен мүйізді ірі қара өсірілетін «Бiрлiк» шаруа қожалығында да болды.

«Сыбаға» бағдарламасы бойынша берілетін несиені пайдалану шаруашылықты едәуір ұлғайтуға мүмкіндік берді, үш мың малға арналған бордақылау алаңдары ашылды. Сапарды қорытындылай келіп, депутат мемлекеттік органдар басшыларының ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің мұқтажтарына назар аударуы және қолдау білдіруі қажеттігі туралы ойларын ортаға салды. Е. Астаев шаруа қожалықтарының өкілдері мен кәсіпкерлерді саланың өткір мәселелерін ашық айтуға шақыра отырып, жергілікті ауыл еңбеккерлері депутаттардың қолдауына сүйене алатынын жеткізді.

 

 




Яндекс.Метрика