- Басты
- Жаңалықтар
- ЖҚЖК: ОҚО-да 2016 жылы 72 мыңнан астам адам әлеуметтік қолдауға ие болды
ЖҚЖК: ОҚО-да 2016 жылы 72 мыңнан астам адам әлеуметтік қолдауға ие болды
Оның ішінде, 29156 адам өздігінше жұмыспен қамтылғандар болса, 43020 адам жұмыссыздар ретінде қолдауға ие болған. Ал екі санатқа қатысты 5624 азамат аз қамтамасыз етілгендер есебінде көмекке қол жеткізген. Аталған жұмыстарды жүзеге асыру үшін бөлінген 18,8 млрд. теңге бағдарламаның үш бағыты бойынша игеріліп, жұмсалды.
Атап айтқанда, «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының бірінші бағыты бойынша республикалық бюджеттен 8,5 млрд.теңге бөлініп, бұл қаржыға 2016 жылы 562 жобаны қаржыландыру мүмкін болған. Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету бағыты негізінде білім беру, мәдениет, денсаулық сақтау, спорт сындыәлеуметтік салаларда күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жобаны жүзеге асыру барысында 3680 жұмыс орынын ашу жоспарланып, нәтижесінде, 3767жаңа жұмыс орыны құрылды. Оның 2116-сы жұмыспен қамту орталықтары есебінен орындалған.
Екінші бағыт - ауылда кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру және тірек ауылдарды дамыту бағдары аясында 7,2 млрд. теңге қарастырылған болатын. Бұл қаржының 7237,5 млн.теңгесі 2072 адамды шағын несиелендіру жұмыстарына ұқсатылса, 10,3 млн.теңгесі 514 адамды кәсіпкерліктің негіздерін оқытуға жұмсалған.
Үшінші бағыт (Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу) бойынша 3,1 млрд. теңге жұмсалған. Төрт бөліктен тұратын бағытты нақтырақ айтсақ, бағдарлама шеңберінде 49174белсенді қатысушыға жұмысқа орналасуға жәрдем беріліп, оның 36218-сі тұрақты, 12956-сы уақытша жұмысқа орналасқан. Ал кәсіби оқыту шараларына 500 адам қатысып, оның 498-і қайта даярлау курсындағы оқуды аяқтап, тұрақты жұмыспен қамтылған.
Әлеуметтік жұмыс орындарын ашу бөлігі бойынша2017 жылдың 1 қаңтарына 4972нысаналы топтағы азаматтарғаәлеуметтік жұмыс орындары құрылып, 4 мың адам (жоспар 124,3 пайыз) жұмыспен қамтылды. Сонымен қатар, жастар практикасын ұйымдастыру жұмыстары негізінде 5135 азамат(жылдық жоспар – 4 200 адам) жастар практикасына жолданды.Аяқтаған5135 адамның 3890-ы (75,8%) тұрақты жұмыспен қамтылды. 2017 жылдың 1 қаңтарына 8175 адам уақытша қоғамдық жұмыспен қамтылды.
Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде, 2016 жылдың 3 тоқсанындағы статистикалық мәліметтерге сәйкес жұмыссыздық деңгейі 5,1 пайызды (республикадағы орташа деңгейі 4,9%), жастардың (15-28 жас аралығында) жұмыссыздық деңгейі 3,5 пайызды (республикада 3,9%), әйелдердің жұмыссыздық деңгейі 6,3% пайызды (республикадағы орташа деңгейі 5,7%) құрады.
-
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру