ҚТЖ Қырғызстаннан Ресейге өтетін транзитке тарифті үш есе азайтты

10 Қаңтар, 2017 09:48
«ҚТЖ» ҰК АҚ Қырғызстаннан Ресейге өтетін транзитке тарифті үш есе азайтты, деді «Атамекен» ҰКП өткен баспасөз мәслихатында «ҚТЖ-Жүк тасымалы» акционерлік қоғамының президенті Оралхан Құлақов.

«ҚТЖ-Жүк тасымалы» акционерлік қоғамының президенті  айтып өткендей,  ахуалды байыптай келе, Ауыл шаруашылығы министрлігі мен «Қазақстан темір жолы» компаниясы, 2016 жылдың 31 желтоқсанында бірлескен бұйрық жариялауды жөн көрген.

 Құжатқа сай, карантинге іліккен қырғыз өнімдері, 2017 жылдың 1 қаңтарынан бастап, тек темір жол көлігін кәдеге жаратқан райда Қырғызстаннан Қазақстанға кіргенде Луговая станциясы, елімізден Ресейге шыққанда Илецк бекеті арқылы тасымалданатыны ұйғарылған. Алдағы сәтте қосымша бағдарлар да іске қосылуы ықтимал.

10 қаңтардан бастап, қырғыз әріптестерімізге жағымды жаңалық, тамызға болжанған мерзімнен ертерек, баршамызға ортақ бірыңғай тарифті пайдаланады.

«Бұның арқасында тасымал құны 3 есеге жуық арзандайды. Бұл тасымал көрігін қыздыруға үлкен серпін сыйлайды деп санаймыз. Бір жылға есептелген 42 миллиард теңгелік қаржылық шығынды тасымал қарқынының өсімі жабатынына үміттенеміз», - деп хабардар етті «ҚТЖ-Жүк тасымалы» акционерлік қоғамының президенті Оралхан Құлақов.

Қырғызстаннан Қазақстан аумағы бойынша Ресей Федерациясына транзит мәселесін анығырақ нақтылау мақсатында, бүгінгі таңда қажетті тәртіп құжаты келісілуде екен.

Ол бекітілген соң, қосымша түсіндірмелер берілмек. Осы орайда, «Атамекен» ҰКП, отандық кәсіп иелерінен Қырғыз Республикасымен сауда-саттық кезінде өздерінің жоспарларына жоғарыда келтірілген бұйрықты арқау етуді сұрайды.

Кайрат Жандыбаев

 

Барлық жаңалықтар