- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтөбе облысында өңірдегі ет өндіру кәсіпорындарының қуаты 12,2 мың тоннаға артты
Ақтөбе облысында өңірдегі ет өндіру кәсіпорындарының қуаты 12,2 мың тоннаға артты
2016 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Ақтөбе облысының тамақ өнеркәсібінің көлемі 39,4 млрд. теңгеге өсіп, сектордың өскенін көрсетті. Кейбір көрсеткіштер рекордтық деңгейге жетті. Күнбағыс майын шығару есептік кезеңде 48 % өсті. 2015-2016 жылдары «Ақтөбе ет кластері» ЖШС мен «Айбек» ЖШС жаңа нысандарын іске қосудың арқасында өңірдегі ет өндіру кәсіпорындарының қуаты 12,2 мың тоннаға артты. Облыс әкімінің тапсырмасын орындау аясында аудандарда 10 ет өңдеу, 5 сүт өңдеу цехтары ашылды.
Сонымен қатар, Бердібек Сапарбаев өңірдің әлеуеті толық көлемде қолданылмағанын айтты. Атап айтқанда, 2016 жылдың қаңтар-қараша айлары аралығындағы мәлімет бойынша ірі сүт өңдеу кәсіпорындарының өндірістік қуаты 44,2%, ет өңдеу кәсіпорындарының өндірістік қуаты 71,3% артты. Осыған ұқсас жағдай дәнді-дақылдар өңдеу зауыттарында байқалды. Жағдайды дұрыстау үшін шикізатты жинау мен оңтайлы логистика жүйесін реттеу көмектеседі.
Осы мақсатта 2016 жылдың желтоқсанында жергілікті бюджет сүт пен етті өңдеу үшін орталықтан жинап, жеткізу үшін техникалардың ауыл шаруашылық кооперативін сатып алуға 500 миллион теңге бөлді. Облыс әкімі аталмыш техниканың тиімді пайдаланылуын үнемі қадағалауды тапсырды.
Елбасы алдымызға өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сырттан келетін тамақтар санын шектеу тапсырмасын қойды. Өңдеу кәсіпорны жұмысқа толық көлемде тартылуылары тиіс. Бұл үшін өндірістік ауыл шаруашылық кооперативтерін қалыптастыру және қолдау жұмыстарын жалғастырған жөн. Болашақ ірі шаруашылықтардың қолында,-деді Бердібек Сапарбаев.
Өткен жылы 72 ауыл шаруашылық кооперативі құрылса, олардың 39-ы ет өндіруге мамандандырылған, тағы 13-і сүт өндірумен, 14-і бір уақытта мал және егін шаруашылықтарымен, 4 кооператив дәстүрлі емес ауыл шаруашылық түрімен айналысады.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
ІІМ: Интернет алаяқтарға алданбау үшін нені білу керек -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай