Мәжіліс депутаттары Павлодардың еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізуде

9 Қаңтар, 2017 19:54
ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттары Мейрам Пішембаев, Арман Қожахметов, Нұрлан Әбдіров, Айгүл Нұркина, Жанат Омарбекова және Ирина Унжакова «УПНК-ПВ» ЖШС еңбек ұжымымен кездесіп, кәсіпорынның қазіргі тыныс-тіршілігімен танысты, деп хабарлады Мәжіліс.

Халықаралық стандарттарға сай өнім шығаратын зауыт «Павлодар» арнайы экономикалық аймағында бой көтерген. Жаңа өндіріс ошағының ерекшелігі кәсіпорын қалдықсыз технология бойынша жұмыс істейді. Яғни өндірістік үрдістер барысында электр энергиясын және гипс материалдарын өндіруге мүмкіндік туады. Бұл бірінші кезекте – қосымша табыс көзі.

Күйдірілген мұнай коксы – алюминийді шығарудағы бастапқы элементтердің бірі, анод өндірісіндегі негізгі шикізат. Зауытта 320-ден астам жаңа жұмыс орны ашылды.

Зейнетақы реформасы мен еңбек заңнамасы жайы да жұмысшылардың назарынан тыс қалмады. Депутаттар сайлаушыларды толғандырған сұрақтарға толықтай жауап беріп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады.


 

Барлық жаңалықтар