- Басты
- Жаңалықтар
- М. Сатов: Тәуелсіздік жылдары ішінде 145 әскери қызметші мемлекеттік награда алды
М. Сатов: Тәуелсіздік жылдары ішінде 145 әскери қызметші мемлекеттік награда алды
Генерал-майор хабарлағандай, кадрларды даярлау мен әскери қызметшілердің кәсібилігін арттыру әскер дамуының негізгі басымдықтарының бірі болып саналады. Осы орайда, білікті кадрлардя даярлау мақсатында Петропавл қаласында Ұлттық ұлан әскери училищесі құрылып, кейін оқу орнына Әскери институт мәртебесі берілді. Әскери институт құрылған күннен бастап 2900 офицерлік кадр даярлады, олар бүгінде Ұлттық ұлан, ҰҚК Шекара қызметі, ҚМ және МКҚ әскери бөлімдерінде қызмет атқарады.
Оперативтік-тактикалық деңгейдегі жоғары білікті кадрлар даярлау мақсатында 2010 жылдың қараша айында Тұңғыш Президент – Ұлт көшбасшысы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті жанынан Ұлтық ұлан факультеті құрылды. Сол уақыттан бастап әскерге 50-ден аса әскери іс және қауіпсіздік магистрі даярланды, 120-дан астам офицер біліктілік жоғарылату курсынан өтті. Өткен 2016 жылдың желтоқсан айында аталған факультетте қамтамасыздандыру кафедрасы ашылып, онда тыл, техника және қару-жарақ, тәрбие саласының жоғары білікті мамандары даярлана бастады.
Тәуелсіздік жылдары ішінде Президент Жарлығымен қайсарлық пен ерлік танытқаны үшін әр түрлі мемлекеттік наградалармен – 145 әскери қызметші, олардың 40-ы ордендермен наградталды. Сондай-ақ полковник Қайрат Үмбетовке ең жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Халық қаһарманы» атағы берілді.
Жалпы алғанда, атқарылған тиімді жетілдіру шаралары әскеріміздің жаңа сапалы кезеңге шығуына, нәтижесінде мемлекеттің ішкі қауіпсіздігіне қауіп-қатер төндіретін жайттарға қарсы жедел әрекет етуге, еліміздің кез келген аумағында қалыпты, не болмаса күрт ушыққан жағдай кезінде де құқық қорғау және терроризмге қарсы міндеттерді сәтті шешуге мол мүмкіндіктер беріп отыр.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары