• Басты
  • Қазақстанда әскерді басқару жүйесі түбегейлі өзгерді – Сатов
9 Қаңтар, 2017 16:51

Қазақстанда әскерді басқару жүйесі түбегейлі өзгерді – Сатов

Қазақстанда әскерді басқару жүйесі түбегейлі өзгерді, деді Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары генерал-майор Мұхаметқали Сатов.
Қазақстанда  әскерді басқару  жүйесі түбегейлі өзгерді – Сатов

«Бірінші кезең – бұл 1992-2000 жылдар аралығын қамтиды. Осы кезеңге әскеріміздің құрылуы мен даму жолы тиісілі. Осы уақыт кезеңінде әскеріміз заңнамалық іргетасы қаланды, кадрлық әлеуеті жетілдірілді, сондай-ақ бөлімшелеріміз Тәжік елінде бітімгерлік миссияны атқарып, қалыптасудың аса күрделі кезеңдерін басынан өткізді.Екінші кезеңге – 2000-2007 жылдары Ішкі әскерді реформалауға арналған мемлекеттік бірінші Бағдарламаның жүзеге асырылу кезеңін қамтиды. Ал үшінші кезең – бұл уақыт бөлшегіне 2008-2016 жылдарды, яғни өзінің күш-қуат әлеуеті жағынан барынша жанданып дамыған, әскерді басқарудың жүйесі бірқатар заманауи өзгерістерге ұшыраған, әскер құрамының жауынгерлік дайындығы мен мүмкіндіктері жаңа талаптарға сәйкестендірілген, халықаралық байланыстар ынтымақтастығы жолға қойылып, ең аяғы Ішкі әскерден Ұлттық ұлан болып қалыптасу жылдарын жатқызуға болады», - деп атап өтті генерал-майор М.Сатов.

Мұнан соң лауазымды тұлға еліміз тәуелсіздік алған тұста мемлекет басшылығы әскерімізге аса жауапты жүк – Өскемен, Курчатов және Степногорск қалаларында бұрынғы Кеңес Одағынан мұрагерлікке қалған ерекше маңыздағы нысандарды күзетуді сеніп тапсырғандығын атап өтті.

Ал сол 1992 жылы еліміздің құқықтық тәртібін қамтамасыз ету үшін Ақмола, Орал, Теміртау және Жамбыл қалаларында мототехникалы арнайы әскери бөлімдер, сондай-ақ Қарағанды қаласында тура осындай батальон құрылып, кейін ол полк болып жасақталды. Ал Алматыда жеке бригада құрылса, осы қаланың маңындағы кезіндегі Красный Восток кентінде жедел бригада құрамы жасақталып, кейін бұл құрама Республикалық ұлан, бүгінгі таңдағы Мемлекеттік күзет қызметінің қалыптасуына негіздеме болды.

Ұлттық ұлан өзінің қалыптасу жолында бірқатар жетілдіру кезеңдерін басынан өткерді. Мәселен, 2013 жылы Мемлекет басшысының «ҚР ІІМ Ішкі әскерлері туралы» Заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы Жарлығымен әскерді басқару жүйесі құрамалық басқарудан өңірлік басқаруға көшірілді. Осының нәтижесінде әскери бөлімдер мен бөлімшелердің жауынгерлік қабілеті және жеделдігі артып, басқару ісі қарапайым әрі тиімді бола түсті. Былтырғы жылы 2014-2016 жылдарға арналған әскерді дамыту Бағдарламасы сәтті аяқталды.

Жедел мақсаттағы бөлімдер Ішкі істер органдарымен бірлесіп, еліміздің 19 қаласында қоғамдық тәртіпті күзетеді. Патрульдік қызметті атқаруға күн сайын 5000-нан аса әскери қызметші жұмылдырылады.

Патрульдік-күзет қызмет нәтижесінде қала көшелеріндегі заң бұзушылықтар өткен жылдармен салыстырғанда 38,9 %-ға төмендеді. Бүгінгі таңда Ұлттық ұлан қала көшелерінде құқықтық тәртіпті қадағалап, қылмыспен күреске, мемлекеттік маңыздағы нысандар мен түзету мекемелерін күзетуге қомақты үлес қосуда.

Әскери бөлімдерімізбен ІІМ ҚАЖК түзету мекемелерінің сенімді күзеті қамтамасыз етілген. Айдауылдау бөлімшелерімен сотталған және қамауға алынған тұлғаларды айдауылдау жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Жоғарғы және Әскери соттарының отырыстары қамтамасыз етіледі. Ұлттық ұланның арнайы әскери бөлімдерімен стратегиялық және ерекше маңыздағы мемлекеттік нысандар күзетке алынған.

Терроризм және экстремизммен күресте, мемлекет мүддесіне, азаматтардың денсаулықтары мен өміріне аса қауіп-қатер төндіретін заңбұзушылықтарға қарсы күресте «Бүркіт» арнайы мақсаттағы бөлімшелерінің алар орны ерекше.

«Арнайы мақсаттағы бөлімшелердің арнайы операцияларды орындау кезіндегі ату мүмкіндіктерін арттыру мақсатында қару-жарақтың жаңа түрлері, заманауи оптикалық және электронды-оптикалық құрылғылар алынды. Әскери қалашықтардың лаңкестікке қарсы қауіпсіздігі үшін 2017 жылы «ПЗТМ» акционерлік қоғамынан (Петропавл қ.) «Ұлан» күзеті техникалық құралдар жүйесінің мамандандырылған кешенін сатып алу жоспарланып отыр.2009 жылдан бастап арнайы көліктер – бронды техниканың "Тигр", «Федерал» және «Урал ВВ» сынды жаңа түрлері келе бастады. 2011 жылдан бері «СЕМАЗ» АҚ көлік зауытының «УРАЛ» белгісіндегі автокөліктері әкеліне бастады, - деп атап өтті Бас қолбасшының орынбасары.

 

 

Барлық жаңалықтар