• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қарағанды облысының аграрилері С.Ершовпен «Жайылымдар туралы» заңын талқылады

Қарағанды облысының аграрилері С.Ершовпен «Жайылымдар туралы» заңын талқылады

9 Қаңтар, 2017 14:36
Сенат депутаты Сергей Ершов жұмыс бабындағы сапармен Қарағанды облысында болды, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Шаруа қожалықтарының өкілдерімен кездесуде сенатор «Жайылымдар туралы» заң жобасының негізгі ережелерін талқылады. Ауыл шаруашылығы саласының мамандары заң жобасының көптеген даулы тұстарын реттеуге, сондай-ақ өмір деңгейін арттыруға мүмкіндік беретін өз ұсыныстары мен ескертпелерін депутаттың назарына ұсынды.

С. Ершовпен кездесу барысында ауыл еңбеккерлері еттің сатып алу бағасының төмендігі, жүн мен терінің қабылдайтын ұйымдардың қажеттігі, ауыл шаруашылығы техникасының сатып алуды субсидиялау, сондай-ақ лизинг мерзімін ұлғайтуға байланысты бірқатар мәселелері көтерді.

С. Ершов Парламенттің заң шығару қызметі туралы Бұқар жырау аудандық мәслихатының депутаттарын хабардар етті және 2017 жылғы республикалық бюджеттің қалыптастырылуы мен 2016 жылғы бюджеттің атқарылуының алғашқы нәтижелері туралы әңгімеледі. Депутаттар ауданның тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуді жақсартуға бағытталған нақты ұсыныстар айтты. Сенатор сапар барысында Петровка ауылдық амбулаториясы мен Байқадам ауылдық клубтың ұжымдарымен кездесті.

 

 

Барлық жаңалықтар