• Басты
  • Жаңалықтар
  • Б. Сағынтаев ҰЭМ-ге азық-түлік өнімдеріне бағаның өсуіне жол бермеу бойынша шаралар қабылдауды тапсырды

Б. Сағынтаев ҰЭМ-ге азық-түлік өнімдеріне бағаның өсуіне жол бермеу бойынша шаралар қабылдауды тапсырды

9 Қаңтар, 2017 12:36
Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне бағаның өсуіне жол бермеу мәселелері бойынша ҚР ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовтің есебін тыңдады.

Primeminister.kz,Онда ведомствоаралық жұмыс тобының күнделікті тұтынатын әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне бағаның өсуіне жол бермеуге қатысты іс-шаралары, сондай-ақ өңірлік тұрақтандыру қорларының жұмысы және сауда орындарын отандық азық-түлікпен жеткілікті түрде қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. 

Премьер-Министр Б. Сағынтаев уәкілетті мемлекеттік органдарға бағаның негізсіз өсуін болдырмау үшін қажетті шараларды қабылдауды және монополияға қарсы заңдылықтың орындалуына бақылауды күшейтуді тапсырды.

 

Барлық жаңалықтар