- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда жұмыспен қамту бағдарламасын жүзеге асыруға 37 млрд-тан астам теңге жұмсалады
Қазақстанда жұмыспен қамту бағдарламасын жүзеге асыруға 37 млрд-тан астам теңге жұмсалады
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі хабарлағандай, 2016 жылы Алматы қаласында «Жұмыспен қамтудың 2020 жол картасы» бағдарламасының жұмыспен қамтуды инфрақұрылымды және тұрмыстық-коммуналдық шаруашылықты дамыту арқылы қарастыратын бірінші бағытын іске асыруға республикалық бюджеттен 7,9 млрд теңге бөлінді. Осы қаражат есебінен 133 инфрақұрылымдық нысандарда күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
Жөнделетін ғимараттардың 33-і - білім беру, 8 – мәдениет, 11 – денсаулық сақтау нысандарын, 47 – көлік инфрақұрылымын, 3 – коммуналдық-инженерлік инфрақұрылымын және 31-і абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын қамтиды.
Бүгінгі күні 128 жоба іске асырылуда, 1498 адам жұмысқа тұрды, олардың 973-і «ЖҚЖК 2020» бағдарламасына қатысушылар.
2015 жылы «ЖҚЖК 2020» бағдарламасының бірінші бағытын іске асыруға 13,7 млрд теңге бөлінгенін, жалпы республика бойынша 588 инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылып, 8,6 мың адам жұмысқа орналастырылғанын естеріңізге саламыз. 2016 жылы «ЖҚЖК 2020» бағдарламасының бірінші бағытын іске асыруға 80,1 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражат жобалардың саны ескеріле отырып, жергілікті атқарушы органдардың тапсырыстары негізінде өңірлер арасында бөлінеді.
2016 жылы Павлодар облысында «Жұмыспен қамтудың 2020 жол картасы» бағдарламасының жұмыспен қамтуды инфрақұрылымды және тұрмыстық-коммуналдық шаруашылықты дамыту арқылы қарастыратын бірінші бағытын іске асыруға республикалық бюджеттен 4,2 млрд. теңге бөлінді. Осы қаражат есебінен 350 жобаны іске асыру, оның ішінде 345 инфрақұрылымдық нысанның және 5 дәрігерлік амбулаторияның құрылысы жоспарланған.
Жөнделетін ғимараттардың 91-і - білім беру, 40 – мәдениет, 34 – денсаулық сақтау нысандарын, 34 – көлік инфрақұрылымын, 23 – әлеуметтік қорғау, 21 – спорт нысандарын, 16 – коммуналдық – инженерлік инфрақұрылымын және 86-сі абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын қамтиды.
Бүгінгі күні барлық жобалар іске асырылуда, 2366 адам жұмысқа тұрды, олардың 1243-і «ЖҚЖК 2020» бағдарламасына қатысушылар.
2015 жылы «ЖҚЖК 2020» бағдарламасының бірінші бағытын іске асыруға 13,7 млрд. теңге бөлінгенін, жалпы республика бойынша 588 инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылып, 8,6 мың адам жұмысқа орналастырылғанын естеріңізге саламыз. 2016 жылы «ЖҚЖК 2020» бағдарламасының бірінші бағытын іске асыруға 80,1 млрд. теңге бөлінді. Бұл қаражат жобалардың саны ескеріле отырып, жергілікті атқарушы органдардың тапсырыстары негізінде өңірлер арасында бөлінеді.
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, осы қаражат есебінен 185 инфрақұрылымдық нысанға жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарлануда.
Жөнделетін ғимараттардың 57 – білім беру, 16 – мәдениет, 4 – денсаулық сақтау, 22 – транспорттық инфрақұрылым, 1 – әлеуметтік қорғау, 3 – спорт, 19 – коммуналдық-инженерлік инфрақұрылым, 63 – абаттандыру нысаны болып табылады.
Бүгінгі күні 184 жобаның іске асырылуы басталды, оның шеңберінде 946 адам жұмысқа тұрды, олардың ішіндегі 686 адам - «ЖҚЖК 2020» бағдарламасына қатысушылар.
2015 жылы «ЖҚЖК 2020» бағдарламасының бірінші бағытын іске асыруға 13,7 млрд. теңге бөлінгенін, жалпы республика бойынша 588 инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылып, 8,6 мың адам жұмысқа орналастырылғанын естеріңізге саламыз. 2016 жылы «ЖҚЖК 2020» бағдарламасының бірінші бағытын іске асыруға 80,1 млрд. теңге бөлінді. Бұл қаражат жобалардың саны ескеріле отырып, жергілікті атқарушы органдардың тапсырыстары негізінде өңірлер арасында бөлінеді.
«Бюджет жобасының ірі блогы дағдарысқа қарсы әрекет ету шараларына бағытталды. Жұмыс орындарын, сондай-ақ өңірлерді дамыту жағдайларын сақтау және жасау және азаматтардың әл-ауқатын жақсарту үшін бюджет жобасында бірқатар бағыттар бойынша қажетті шығыстар көзделген», - деп мәлімдеді министр.
Оның айтуы бойынша, алдағы кезеңде Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020 бағдарламасы шеңберінде тұрақты және өнімді жұмыспен қамтуды ұйымдастыруға жәрдемдесу бойынша жұмыс жалғасады. Оны іске асыруға жыл сайын 47 мың азаматты қамти отырып, үшжылдық бюджетте - 113,5 млрд теңге, соның ішінде 2017 жылы 37,3 млрд теңге жұмсау жоспарлануда.
«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде үш жылға - 46,1 млрд теңге, соның ішінде 2017 жылы 22,1 млрд теңге көзделген. Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасын іске асыруға 2017 – 2019 жылдары 385,4 млрд теңге, соның ішінде 2017 жылы 238,6 млрд теңге сомасында келесі бағыттар бойынша қаражат жұмсау жоспарлануда: «Ақ бұлақ» 35,4 млрд теңге қалалық және ауылдық сумен жабдықтау және су тартуға, «Қолжетімді тұрғын үй-2020» 143,4 млрд теңге, соның ішінде Ұлттық қордан 103,4 млрд теңге», - деп түсіндірді ол.
Одан басқа, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңарту аясында жылумен, сумен жабдықтау және су тарту жүйелерін қайта құру мен салуды несиелендіру мен субсидиялауға 54 млрд теңге жұмсау жоспарланып отыр.
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр