- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтөбе облысында рақымшылыққа іліккен адамдарға 260 бос жұмыс орны ұсынылады
Ақтөбе облысында рақымшылыққа іліккен адамдарға 260 бос жұмыс орны ұсынылады
Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің мәліметі бойынша жуырда 546 адам, оның ішінде облыстың 330 тұрғыны бостандыққа шығады.
Өңір басшысы оларды әлеуметтік бейімдеу бойынша барлық шараларды қабылдауды тапсырды. Жұмысмен қамту орталықтары олардың әрқайсысына жұмыспен қамту мен қайта оқытудың түрлерін ұсына отыра, кеңес беретін болады.
Құқықтық сауаттылығын жоғарылату мақсатында бостандыққа шыққан әрбір азаматқа жұмысқа орналастыру туралы ақпарат беріледі. Оларды жұмысқа орналастыру үшін 160 квота және 260 бос жұмыс орындары бар. Рақымшылыққа іліккен азаматтар такси жүргізушісі, экскаватор мен автокран машинисті, жөндеуші слесарь, газ-электр дәнекерлеуші,аспазшы, сатушы болып жұмыс істей алады. Бұған қоса, 2017 жылы 757 адамды қайта оқыту үшін 219 млн теңге қарастырылған.
«Біздің басты міндетіміз – олардың әрқайсысын бейімдеп, жұмысқа орналастыру. ІІМ-мен, ҚАЖК-мен бірлесе барлық мәселені шешіп, әрқайсысымен жеке-жеке жұмыс жасауымыз керек. Сонымен қатар, оларды бақылауда ұстаған жөн. Бастысы - қылмыстың өсуіне жол бермеу»,- деп тапсырды облыс әкімі.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Шетелдердегі қазақтармен жұмыстың өзектілігі -
АШМ: Астық өндіруші елдер, дәнді-дақылдар қоры және егін жинау жұмыстары