- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтөбе облысында 2017 жылы 1840 орынға арналған 4 мектеп салынбақ
Ақтөбе облысында 2017 жылы 1840 орынға арналған 4 мектеп салынбақ
Жаңа мектептер құрылысына, оқу орындарының материалдық-техникалық базасына байланысты сауалдар өзекті болып қалуда. Қазіргі таңда 129 мың оқушы 415 орта мектепте білім алуда. 2016 жылы 2420 орындық 6 жаңа мектеп пайдалануға берілмек.
Оқушы санының көбеюіне байланысты мектептер үш ауысымда оқып жүр. Бұл жүктелімді Ұлттық қордың қаржысы есебінен Алға (1), Қобда (1), Мәртөк (2), Хромтау (1) аудандарында және Ақтөбе (6) қаласында 1840 орындық 4 мектеп пен 5760 орындық 11 мектеп салу арқылы шешу жоспарлануда. Ырғыз ауданының Ырғыз ауылы мен Байғанин ауданының Қарауылкелді ауылына 100 орындық, интернаты бар мектеп салу қажет.
Алдағы екі жылда проблемалық мектептерді жою бойынша кезеңдік жұмыс жалғасатын болады, осы жылдың өзінде саманнан, ағаштан және қамыстан салынған оқу орындарының орнына 5 жаңа мектеп ( Ойыл – 2, Ырғыз – 1, Шалқар – 1, Ақтөбе – 1) тұрғызу көзделуде.
2017-2020 жылдары оқушылардың білім сапасын жақсарту үшін 11 бастауыш мектепті жауып, 13-ін қайта ұйымдастыру жоспарлануда. Мектептерді оңтайландыру мектеп жанынан интернат ашуды талап етеді. Облыста мектеп жанындағы 29 интернат жұмыс жасаса да әлі де қосымша 11 интернат салу қажеттілігі туындап отыр. Қазіргі таңда жобалық-сметалық құжаттама жасалып, Әйтеке би ауданындағы Қарабұтақ ауылында, Мұғалжар ауданының Ақкемер ауылында және Алға ауданының Алға қаласында барлығы 3 интернат салынбақ.
Облыс аудандарында облыстық және республикалық бюджет есебінен білім мекемелерінің материалдық-техникалық базасын нығайту бойынша жоспар аясында мектептердегі жиһаздарды, компьютерлік техникаларды жаңарту жұмыстары жүргізілуде.
-
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары