• Басты
  • Ақтөбе облысында 2017 жылы 29 балабақша ашу жоспарлануда

Ақтөбе облысында 2017 жылы 29 балабақша ашу жоспарлануда

7 Қаңтар, 2017 10:54
Ақтөбе облысында биылғы жылы 5070 орынға арналған 29 балабақша ашу жоспарланса, оның 2900 орынға арналған 17-сі Ақтөбеде жұмыс жасайтын болады, бұл жөнінде басқарма басшысы Сәуле Өмірбекова 2016 жыл қорытындылары бойынша жиналыс барысында айтты.

Басқарма басшысы білім саласының бюджеті 2016 жылы 66,8 млрд теңгені құрағанын айтты. 3,4 млрд теңгеге 102 нысанға күрделі жөндеу жүргізіліп, 13 білім беру нысандарының құрылысына тағы 4,7 млрд теңге бөлінді.

"Мектепке дейінгі білім беруді дамытуға қатысты мәселелер шешімін табуда. Облыста 559 балабақша мен шағын орталықтар жұмыс жасаса, соңғы жылдың өзінде 4655 орындық 41 мектепке дейінгі мекеме ашылды. Қолға алынған шаралардың нәтижесінде балабақшаларда орынмен қамтамасыз ету 92% құрады", - деді С. Өмірбекова.

оның айтуы бойынша, ағымдағы жылы 5070 орынға арналған 29 балабақша ашу жоспарланса, оның 2900 орынға арналған 17-сі Ақтөбеде жұмыс жасайтын болады.

Сонымен бірге, облыс әкімі аудан әкімдерімен және кәсіпкерлермен бірлескен жұмысты күшейту қажеттігін де атап өтті.

Барлық жаңалықтар