- Басты
- Жаңалықтар
- Мақтааралдан Өзбекстанға қатынайтын жол ашылатын болды
Мақтааралдан Өзбекстанға қатынайтын жол ашылатын болды
Тараптар қос мемлекеттің туыстық қарым-қатынасын одан әрі жақсартып, дамыту жайын талқылады. Жиынға ҚР инвестициялар және даму вице-министрі Роман Скляр мен облыс әкімі Жансейіт Түймебаев қатысты.
Өңірімізге арнайы іссапармен келген мәртебелі меймандарға алғысын жеткізген облыс әкімі бүгінгі кездесудің жемісті боларына сенім білдіріп, жұмыс тобына сәттілік тіледі.
Күн тәртібінде Өзбекстанның Мақтаарал ауданының территориясында орналасқан М-39 автожолын қайта жаңартып пайдалану жайы қаралып, аталған учаскеден өткізу бекетін салу мәселесі сөз болды. Атап айтқанда, бүгінгі күнге дейін 89 шақырым жолды жүріп өтіп, Ташкенттен Самарқанға Жыззақ арқылы айналып өтіп қатынаған тұрғындар енді 24,5 шақырымды басып өтіп, мақсатты мекенге бара алатын болады.
«Автожол қайта жаңарып, пайдалануға берілгенде 65 шақырымдай жол қысқарады. Бұл қос мемлекет халықтарының туыстық қарым-қатынастарын одан әрі нығайтып, арадағы сауда-саттық пен туризмді дамытуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Өзбекстан астанасы Ташкент пен Оңтүстік Қазақстан облысының байланысы күшейе түседі деген үміттемін», - деді ҚР Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Ерік Мылтықбайұлы.
Е.Өтембаевтың айтуынша, шекаралық аймақта арнайы бекет салынып, тауар айналымына бақылау күшейгенімен, салық салынбайды. Қайта жаңғырған автожол 2017 жылдың ақпан айында ел игілігіне беріледі деп күтілуде.
Түс ауа жұмысшы топ аталған жоба бойынша екіжақты келісімге келіп, арнайы протоколға қол қойды. ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Р.Скляр мен Өзбекстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің айрықша тапсырмалар бойынша елшісі И.Неъматовтың арасында түзілген құжат халықаралық экономикалық байланысты нығайтып, тауар айналымын жақсартуға сеп болады деген сенім бар. Аталған мәселе бойынша Қазақстан тарапынан жасалған жан-жақты қолдауларға алғысын білдірген өзбек елшісі бұл қадамның көршілес елдердің ынтымақтастығын арттыратын жақсы бастама екенін атап өтті.
Еске сала кетейік, көршілес мемлекеттің Мырзашөл арқылы өтететін М-39 автожолы 2006 жылы жабылып, жергілікті тұрғындардың барыс-келісін қиындатқан еді. Енді жаңадан түзілген құжат бұл мәселені оңтайлы шешіп, қарым-қатынасты тереңдететіндігі анық.
-
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Атырау және Қызылорда облыстарында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Президент жолдауынан басталған игі істер -
Жолдау-2021: Ластану деңгейі жоғары 10 қаладағы атмосфералық ауаны жақсарту шаралары