Ақтөбе облысы ЕАЭО елдеріне 315 млн доллардың өнімін экспорттады

6 Қаңтар, 2017 20:01
2016 жылғы қаңтар-қазанда Ақтөбе облысы бойынша өзара сауда ЕАЭО елдерімен 694810,8 мың АҚШ долларын құрады, оның ішінде экспорт – 315884,9 мың АҚШ долларын, импорт – 378925,9 мың АҚШ долларын құрады, деп хабарлады статистика департаменті.

Ақтөбе облысы экспортының құрылымында басым бөлігін пайдалы қазбалар алады, олардың экспорттың жалпы көлеміндегі үлес салмағы 91% құраса, мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығы өнімдері, дайын азық-түлік тауарлары 2% құрады.

Ресей Федерациясы мен Беларусь Республикасынан, негізінен, мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығы өнімдері, дайын азық-түлік тауарлары ЕАЭО елдерінен келетін импорттың жалпы көлемінен 19% құрайды, пайдалы қазбалар және одан жасалған бұйымдар (шыны және одан жасалған бұйымдарды қоса алғанда) - 15%, химиялық өнеркәсіп өнімдері - 27% әкелінеді.

 

Барлық жаңалықтар