3200-ге жуық ақмолалық мемлекеттік қызметші кешенді аттестаттаудан өтеді

6 Қаңтар, 2017 16:48
Ақмола облысында 3200-ге жуық мемлекеттік қызметші кешенді аттестаттаудан өтеді, деп хабарлады әкімдік.

«Қазақстанда Бес институционалдық реформаны іске асыру бойынша «100 нақты қадам» ұлт жоспарын орындау бойынша ауқымды жұмыс жүргізіліп жатыр. Ұлт жоспарының 15-қадамы «Б» корпусына жататын әкімшілік мемлекеттік қызметшілерді кезектен тыс аттестаттауды өткізу болып табылады, ол мемлекеттік қызметшілердің қызметінің сапасы мен соңғы нәтижелерін бағалауға және аттестаттау қорытындылары мен мансаптық өсудің өзара байланысын қамтамасыз етуге бағдарланады. Аттестаттаудың мақсаты «Б» корпусына жататын қызметшілердің кәсіптік даярлығының деңгейін және атқаратын лауазымдарына сәйкестігін анықтау болып табылады»,  - деп мәлімдеді әкімдікте.

Бүгінгі күні облыста 5961 мемлекеттік лауазым есептелетін 706 мемлекеттік орган жұмыс істейді. Жекелеген санаттарды қоспағанда, уәкілетті орган әзірлеген кешенді аттестаттауды өткізу тәсілдеріне сәйкес, облыста 3224 мемлекеттік қызметші аттестаттауға жатады.

Аттестаттау барысында мемлекеттік қызметшілердің Қазақстан Республикасы заңнамасы бойынша білімі тексерілмейді. Тестіден өтетіндер аттестаттау комиссиясымен әңгімелесуден өтеді. Комиссия жеке қасиеттерді бағалау бойынша тест нәтижелеріне сүйене отырып, мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік аппаратта жұмыс істеу үшін жарамдылығына одан әрі қорытынды береді.

«Аттестаттау мемлекеттік қызметшілердің әлеуетін ашуға мүмкіндік береді. Сондықтан осы іс-шараны өткізу кезінде аттестаттау комиссиясы шешім қабылдаған кезде әділ болуы, өз жұмысының ашықтығын қамтамасыз етуі тиіс» - деді Берген Беспалинов.

Барлық жаңалықтар