• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қарағанды облысының фермерлері аграрлық саланы реттеу мәселелерін талқылады

Қарағанды облысының фермерлері аграрлық саланы реттеу мәселелерін талқылады

6 Қаңтар, 2017 14:36
Сенатор Сергей Ершов Қарағанды облысындағы Қарқаралы ауданында жұмыс бабындағы сапармен болды, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.

Қаршығалы ауылдық округінде депутат жергілікті шаруа қожалықтарының жетекшілері және ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерімен кездесті.

Жүздесу барысында Парламент Сенатында қаралып жатқан «Жайылымдар туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жайылымдарды пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларының ережелері талқыланды.

 Жергілікті тұрғындар жеке үй-жайды ұстау мақсатындағы жайылым жерлерді, сондай-ақ жайылымдарды тиімді пайдаланудың өзекті мәселелерін заңнамалық тұрғыда реттеуге баса назар аударып отыр.

 Шаруа қожалықтарының жетекшілері мен ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер аграрлық және ветеринария салаларын реттеуге байланысты бірқатар мәселелерді көтерді.

Аудандық мәслихат депутаттарымен кездесу барысында С. Ершов «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын заңнамалық тұрғыда іске асыру жөніндегі Парламенттің заң шығару жұмыстары, сондай-ақ экстремизм және терроризмге қарсы іс-қимыл, қарсы барлау қызметі, пробация, дактилоскопиялық және геномдық тіркеу мәселелері бойынша қабылданған заңдар туралы айтып берді. Депутат сонымен қатар Қарқаралы қаласындағы бюджет ұйымдарының қызметімен танысты.
 

Барлық жаңалықтар