- Басты
- Жаңалықтар
- 193 ақтөбелік отбасы әлеуметтік көмек алды
193 ақтөбелік отбасы әлеуметтік көмек алды
Құрылған қордың негізгі мақсаты – көп балалы, аз қамтылған, мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек көрсету.
19 қарашада өңір басшысы Бердібек Сапарбаевтың қолдауымен ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған қайырымдылық акциясы өткізіліп, оның барысында 1000-нан астам ақтөбелік отбасыға 50 млн теңге көмек көрсетілді.
Осы шараның жалғасы ретінде Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Ақтөбе қаласы мен барлық аудандардан 193 мұқтаж жандарға «Парыз» қорынан 23,9 млн. теңге көлемінде қолдау көрсетілді.
Атап айтқанда, осы көмек аясында Мұғалжар ауданы, Ақкемер ауылының тұрғыны Нагиев Рахат ақсақалға тұрғын үйін жөндеуге 503,0 мың теңге қаражат берілді. Жөндеу жұмыстарын Ақкемер ауылдық округ әкімдігінің жетекшілігімен «Қайрат» ЖШС іске асырады.
Мұғалжар ауданындағы Ембі қаласының тұрғыны, жетім балалар үйінің түлегі - Әмір Жағабаевқа пәтер беріліп, осы пәтердің жөндеу жұмыстарына қаражат ұсынылды.
Ондаған отбасылар ҚР емханаларда емделуге, отын алуға, үйлерге көгілдір отын кіргізу үшін материалдық көмек алды.
29 желтоқсанда ҰОС қатысқан 100 ардагер және мүгедек жандарға 100 мың теңге көлемінде көмек көрсетілді.
Демеушілік көмек көрсету жұмыстары облыс бойынша жалғасады.
-
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Халық санағы аяқталды: Нәтижесі қашан жарияланады -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс -
Д.Абаев: Алтын Орда қалалары қайта қалпына келтіріліп, тарихи-материалдық кешен құрылады -
Өндірістік жарақаттанудың алдын алу шаралары