- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО-да 2017 жылғы 1 қаңтардағы мәліметке сәйкес 169 198 көп балалы ана бар
ОҚО-да 2017 жылғы 1 қаңтардағы мәліметке сәйкес 169 198 көп балалы ана бар
Оңтүстік Қазақстан облысында көп балалы аналардың саны жылдан жылға артып келеді. Мәселен, жаңа 2017 жылдың 1 қаңтарындағы мәліметке сәйкес, өңірде халқымыздың демографиясына үлес қосып жүрген аналардың саны 169198-ге жетті. Оның ішінде 6193 Батыр ана болса, 25482 ана «Алтын алқа», 34744 ана «Күміс алқа» иегері. Ал, 8878 ана І-ІІ дәрежелі Ана Даңқы орден иегері, 93901 азаматша 18 жасқа дейінгі 4 және одан көп баласы бар аналардың қатарын толықтырған.
2016 жылы облыстағы көп балалы 479 ана «Алтын алқа», 2071 нәзік жан «Күміс алқа» тақты.
Айта кету керек, бұл өткен 2015 жылдың (150327) ақпарымен салыстырғанда 18871-ге көп. Көшті бастап тұрған Шымкент қаласының тұрғындары. Облыс орталығындағы аналардың қатары 35703. Шымкенттен кейінгі орында Сарыағаш пен Мақтаарал аудандары. Сарығашта 23793 алтын құрсақты ана болса, Мақтааралда 23239 азаматша нәзік жанды көп балалы ана ретінде тіркелген.
Осылайша, көп балалы нәзік жандылар көшін Түркістан, Сайрам, Қазығұрт, Ордабасы, Төлеби, Шардара, Түлкібас, Арыс, Бәйдібек, Отырар, Созақ аудандары мен Кентау қаласының ақ желекті, алтын құрсақты аналары жалғайды.
-
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Халық санағы аяқталды: Нәтижесі қашан жарияланады -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Есірткі қылмысымен күрес: зерханаларды жабу, сайттарды бұғаттау және заңсыз жарнамалау мәселелері -
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Халық санағы: Үй аралау кезіндегі ерекшеліктер, аралық қорытынды және қауіпсіздік шаралары -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
Тұрғын үй нарығында тұрақтылық бар ма -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді