Қытайдың 350 мың азаматы «ЭКСПО-2017» көрмесіне келмек (ФОТО)

6 Қаңтар, 2017 10:51
2017 жылы қытайлық туристерге «ЭКСПО-2017» көрмесінде болып, Қазақстанның мәдени-туристік ерекшеліктерін зерттеу үшін жақсы мүмкіндік туындайды, деді Қазақстанның Қытайдағы елшісі Шахрат Нұрышев Қытайдың Халықаралық саудаға іс-қимыл жасасу комитеті (ХСІЖК) ұйымдастырған брифинг барысында.

ҚР СІМ-де хабарлағандай, Ш. Нұрышев өз сөзінде жиналғандарды көрмеге дайындық барысымен таныстырды, ЭКСПО-2017 көрмесін мазмұндық жағынан толтырудың негізгі кезеңдері туралы айтып берді және барлық жиналғандарды іс-шараға белсенді қатысуға шақырды.

«2017 жылы екіжақты туристік ынтымақтастықты дамыту аясында қытайлық туристерге «ЭКСПО-2017» көрмесінде болып, Қазақстанның мәдени-туристік ерекшеліктерін зерттеу үшін жақсы мүмкіндік туындайды», – деп атап өтті Ш. Нұрышев.

ҚХР павильонының ұлттық комиссары, ХСІЖК төрағасының орынбасары Ван Цзиньчжэнь сөз сөйлеу барысында Қытай Павильонының тұжырымдамасымен таныстырып, ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу кезеңінде Қытайдың мұнай-химия, күн, ядролық және жел энергетикасы саласындағы «CNPC», «State Grid corporation», «CGN», «Zhejiang Energy», «CGL» сияқты ірі энергетикалық компаниялары өнімінің экспозициясы ұйымдастырылатынын атап өтті. Сондай-ақ Ван Цзиньчжэнь ХСІЖК болжамы бойынша 350 000 жуық қытайлық азамат ЭКСПО-2017 көрмесіне келетінін мәлімдеді.

Брифинг қорытындылары бойынша ХСІЖК басшысы Цзян Цзэнвэймен кездесу өтті. Кездесуге қатысушылар сауда-экономика саласындағы ынтымақтастық перспективаларын, алдағы кезеңде Қазақстан мен Қытай арасындағы тауар айналымын ұлғайту және индустрияландыру мен инвестициялар саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. 

Барлық жаңалықтар