ОҚО өнерпаздары ҚХР гастрольдік сапармен болды

6 Қаңтар, 2017 13:47
Оңтүстік Қазақстан облысының өнер шеберлері желтоқсан айының соңында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында Қытай Халық Республикасына гастрольдік сапармен барып қайтты, деп хабарлады ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеу аясында Қытай мемлекетінде өткен концерттік бағдарлама ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өтті.

Қос ел арасындағы достық қарым-қатынасты нығайту, мәдени іс-шаралар арқылы қандастар рухын асқақтатып, мерекелік көңіл-күй сыйлау       мақсатында өткен концерттік шара үш күнге жалғасты.

Концерттік бағдарлама барысында  өнерпаздар  фольклорлық-этнографиялық жанрлармен қоса қазақтың халық әндерін, қазақ композиторларының әндері мен классикалық әуендерін, эстрадалық ән тартуларын арнап, қандастарға мерекелік леп сыйлап, рухын асқақтатты.

Шарадан ерекше әсер алған көрермендер алғыстарын білдіріп, елден барған өнерпаз топқа қазақ кәдесіне сай сый-құрмет көрсетті.

 

Барлық жаңалықтар