- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтөбе облысында үй құрылыс комбинаты 50 мың шаршы метр баспана салуды жоспарлауда
Ақтөбе облысында үй құрылыс комбинаты 50 мың шаршы метр баспана салуды жоспарлауда
«Батыс-2» шағын ауданында жақсы үйлер салынуда, дегенмен олардың сыртқы келбеті бірыңғай. Бұл дұрыс емес, біз нысандарды, соның ішінде әлеуметтік нысандарды заманауи сәулеттің дамуын ескере отырып салуымыз қажет.
Құрылыс саласының дамуы туралы айта келе Бердібек Сапарбаев Ақтөбе облысында құрылыс материалдарының кең таңдауы шығарылатынын, бірақ кейбір өндірушілер шығарған өнімдерінің сапасына көңіл бөлуі керектігін ескертті.
Облыс әкімі сондай-ақ тұрғын үйлердің төменгі қабатын мемлекеттік-жеке серіктестік аясында әлеуметтік нысандарға берудің маңыздылығын атап өтті. МЖС-ке қатысты сонымен қатар, құрылысы 2016 жылы басталған нысандарды ағымдағы жылы бітіру, өңірде мемлекеттік-жеке серіктестікті әрі қарай дамыту шараларын қолға алу бойынша тапсырмалар берілді.
Бердібек Сапарбаев облыс басшылығының ҚР Үкіметіне азаматтардың ЖТҚ телімдерінде тез тұрғызылатын заманауи тұрғын үйлер салу бастамасымен шығып, аталмыш ұсыныстың қолдау тапқанын айтты. Осындай 2-3 қабаттық үйлер Есет батыр (бұрынғы Нұр Ақтөбе) шағын ауданында тұрғызылады.
Таяудағы жылдары облыста жалпы білім беретін 20-дан астам мектеп салу жоспарланса, оның 4-еуінің құрылысы басталып та кетті. Аталмыш нысандардың құрылысына, инфроқұрылымына, сумен және көгілдір отынмен жабдықталуына 93 млрд. теңге бөлінді.
Жол құрылысы бойынша жұмыстар да жалғасын тауып жатыр. Ақтөбе-Орск тас жолының құрылысы басталды, Оңтүстік айналым бойынша жұмыстар жалғасуда, сонымен қатар ағымдағы жылы Ақтөбе ферроқорытпа зауытына қарай баратын (Мәртөк бағытындағы) 312 атқыштар дивизиясы көшесінің төрт жолақтық жолына күрделі жөндеу жүргізілмек.
Өңір басшысы ерекше назар аударған тағы бір маңызды нысан – облыстық балалар ауруханансының жанынан салынатын перинаталдық орталық. Ағымдағы жылы пайдалануға берілуі тиіс туберкулезға қарсы аурухананың да құрылысы жалғасуда.
"Біздің үй құрылыс комбинатымыз жақсы нәтиже береді деп сенеміз. Облыста осы комбинаттың өнімдерінен 50 мың шаршы метр, соның ішінде әлеуметтік баспаналар салынады деп күтілуде. 2016 жылы облыста 590 мың шаршы метр баспана пайдалануға берілді. 2017 жылы бұл көрсеткіштер бұдан да жоғару болу керек. Осыған қажет қаражат уақытында бөлінетін болады. Біз Елбасының «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасын толыққанды жүзеге асыру туралы тапсырмасын орындауда барлық шараларды қолға алуымыз қажет,-деді облыс әкімі.
Құрылысты тиімді бақылауды күшейту үшін «Құрылыс нысандары картасы», сонымен қатар «Пайдалануға берілетін нысандардың интерактивті картасы» жасалып, апта сайын жаңартылып отырады. Интерактивті картада құрылыс нысандарының дайындық дәрежесі туралы өзекті ақпараттар көрсетілетін болады.
Кездесуді қорытындылаған облыс әкімі әрбір пайдалануға берілген үйден жетім балаларға пәтер беру туралы бастама көтерді.
«Жетім балалар мен ата-ана қамқорынсыз қалған балалардың басты проблемасы – баспанамен қамтылу. Олар оқу оқып, білім алады да, аяғында далада қалады. Олар үшін жасөспірімдер үйі жұмыс жасап жатыр, жуырда әлеуметтік үй ашылды, бірақ ондағы орын саны шектеулі. Жыл сайын мемлкеттік тұрғын үй қорынан 40-50 пәтер беріледі, бірақ баспанаға мұқтаждар саны одан да көп. Сондықтан жеке қаражатқа немесе мемлекетттік бағдарлама аясында салынған әрбір үйден жетім балалар үшін пәтерлер алып қою қажет. Пәтер саны үйдің жалпы аумағына байланысты.
Жақында маған Ырғыз ауданындағы шаруа қожалығының басшысы Ибрагим Сәрсенбаев келіп, аудандағы 6 жетім баланы баспанамен және жұмыспен қамтуға дайын екендігін жеткізді. Бұл дұрыс шешім. Егер біз оларға көмектессек, олардың болашақтарының жарқын болуына ықпал етеміз»,-деді Бердібек Сапарбаев.
Кәсіпкерлер облыс әкімінің бастамасын бір ауыздан қолдады.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Елордада «Ататүрік» саябағы аумағында 350 түп ағаш егілді -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Зейнетақы жүйесіне қандай өзгерістер енгізілмек -
Халық санағы: Үй аралау кезіндегі ерекшеліктер, аралық қорытынды және қауіпсіздік шаралары -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Тұрғын үй нарығында тұрақтылық бар ма