- Басты
- Жаңалықтар
- Сенаторлар өңірлерде «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын түсіндіруде
Сенаторлар өңірлерде «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын түсіндіруде
Алматы облысында сапарда жүрген сенаторлар Нұрлан Қылышбаев пен Аңсар Мұсаханов Қапшағай қаласында, Шеңгелді және Заречный ауылдық округтарында бірқатар кездесулер өткізді.
Депутаттар «Агрипак» орау өнімдерін өндіретін цехында, «Рауан» шаруа қожалығында, «Балық өндірісі», «Грин Лэнд Алатау», «Маревен Фуд Тянь-Шань» мекемелерінде болды. Сондай-ақ «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша Заречный ауылдық әкімдігінде салынған бу қазандығының жұмысымен танысты.
Сенаторлар Балқаш ауданында «Dinara-Ranch» және «ӨтесБиоАзия» агрофирмаларының еңбек ұжымдарымен, сонымен қатар аудандық қоғамдық кеңес пен жергілікті полиция басшылығымен кездесті.
Жүздесу барысында Н. Қылышбаев пен А. Мұсаханов бес институттық реформалар мен «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыруға арналып Парламентте қабылданған заңдар туралы сайлаушыларды хабардар етті.
Бұл күндері сенатор Марат Тағымов Ақтөбе облысында жұмыс бабындағы сапарда жүр. Депутат облыс орталығы мен Алға ауданында жергілікті мәслихат депутаттарымен және жұртшылықпен кездесу өткізді. М.Тағымов «Айбек» қалбырлау зауытында және Ақтөбедегі қалалық жылыжай шаруашылығында болды. Сенатор Алға ауданындағы «Нұры жол» бағдарламасы бойынша қаржыландырылған ет өңдеу кешені және «Алға жылу» КМК тазарту ғимаратының жұмысымен танысты, сондай-ақ құқық қорғау органдарының басшылығымен кездесті. Еңбек ұжымдарымен жүздесу барысында аймақтың экономикалық өркендеуі мен әлеуметтік мәселелерді шешу туралы әңгіме өрбіді. Сенатор М.Тағымов алдағы уақытта Мәртөк және Әйтеке би аудандарына баруды жоспарлады.
Парламент Сенатының депутаты Талғатбек Абайділдин Шығыс Қазақстан облысында жұмыс сапарымен болды. Т.Абайділдин Өскемен қаласында облыстық және қалалық мәслихат депутаттармен кездесті.
Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің профессорлық-оқытушылар құрамымен кездесу барысында сенатор Мемлекет басшысы Н.Назарбаев жария еткен ауқымды институттық реформаларды іске асыру барысы туралы әңгімеледі. Сенатор машина жасау зауытының жұмысшыларымен және инженер-техник қызметкерлерімен де жүздесті.
5 қаңтарда депутат бірқатар өндірістік және әлеуметтік нысандарда болып, қалалық мәслихат депутаттарымен де кездесті. Сенатор Парламенттің заң шығару қызметі туралы хабардар етіп, қазіргі сессия кезінде қаралған заңдар, әсіресе жұртшылық баса назар аударып отырған «Жайылымдар туралы» заң жайында әңгімеледі.
Т.Абайділдин жұмыс бабындағы сапар барысында Бесқарағай, Бородулиха және Катонқарағай аудандарындағы шаруа қожалықтарының жұмысымен танысып, жұртшылықпен кездеседі.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Тәуелсіздікке 30 жыл: Ұлттық бірлікті нығайтудағы ҚХА рөлі -
Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасы: Қай өңірлерде қымбаттады