- Басты
- Жаңалықтар
- Парламент Мәжілісі депутаттары Көкшетаудағы сүт зауытының жұмысымен танысты (ФОТО)
Парламент Мәжілісі депутаттары Көкшетаудағы сүт зауытының жұмысымен танысты (ФОТО)
Мәжілістің баспасөз қызметі хабарлағандай, халық қалаулылары бұқарамен кездесу барысында Парламент атқарған жұмысымен таныстырып, Елбасының саясатын жүзеге асырудағы негізгі атқарылған жұмыстарына есеп беріп, бірқатар сұрақтарға жауап берді.
Партия активімен өткен кездесуден соң, депутаттар одан әрі «Синегорья» Көкшетау сүт зауытының жұмысымен танысты. Халық қалаулылары сүт өндірісі барысында қолданатын заманауи технологияларды көріп, сүт өнмдеріне жоғарғы баға берді.
«Синегорья» Көкшетау сүт зауыты» ЖШС Қазақстан мен Ресей нарығын сапалы сүт өнімдерімен қамтамасыз етіп отырған бірегей өңдеуші зауыт болып табылады.
Бүгінгі таңда зауыт консерванттар қолданбай, ұзақ мерзімге сақталатын өнім шығаруға мүмкіндік береді. Бүгінгі күні мекемеде 80-нен астам адам жұмыс істеуде. Зауыт тәулігіне 12 тонна сүт өнімдерін шығарады.
Бұдан әрі Мәжіліс депутаттары облыс орталығында орналасқан ҚР ІІМ-не қарайтын Көкшетау техникалық институтының оқытушы- профессорлық құрамымен және курсанттармен кездесіп, олардың материалдық-техникалық базасымен танысты.
Бүгінгі таңда жоғарғы оқу орны қабырғасында 600 курсант білім алып жатыр, олардың ішінде Ресей мен беларус мемлекеттерің азаматтары да бар. Болашақ өрт сөндіруші мамандар толығымен мемлекет қарамағында.
Сонымен қатар, іс сапар барысында Мәжіліс депутаттары Жексенбай Дүйсебаев пен Сапар Ахметов «Нұр Отан» партиясының Ақмола облыстық филиалында қоғамдық қабылдау өткізіп, тұрғындардың сұрақтары мен мәселелерін қарады. Бұл күні әлеуметтік, тұрғын-үй коммуналдық мәселелер мен қатар зейнетақы жүйесі туралы кеңес сұрап келген тұрғындар да аз болмады.
-
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар -
Мәжіліс отырысы: әлеуметтік кәсіпкерлік, «Ashyq» қосымшасының кемшіліктері, қандастардың ҰБТ тапсыруы -
Ақмола облысында жылына 350 тонна ешкі сүтін өндіретін ферма өнімдеріне сұраныс артты -
Алғыс айту күні: ҚХА атынан сайланған Мәжіліс депутаттары қазақ еліне алғыс айтты -
Сенаторлар пікірі: «Парламент қоғамдағы мәселелердің шешімін табатын орталыққа айналмақ» -
Парламент Мәжілісі төрағасы сайланды -
Жаңа Парламент Тоқаевтың басымдықтарын жүзеге асыратын беделді шақырылым болады деп сенеміз - саясаттанушы -
Тоқаев: Парламент қоғамдағы даулы мәселелерді шешетін орынға айналу керек -
Қ.Тоқаев Парламенттің VII шақырылымының алғашқы сессиясын ашты -
Мәжіліс депутаттары куәліктері мен төсбелгілерін алып, өкілеттілікті бастады -
Тоқаев жетінші шақырылған ҚР Парламентінің бірінші сессиясын шақыру туралы Жарлыққа қол қойды -
Сарапшылар пікірі: «Парламентке өтпеген партиялар өз ұстанымдарын өзгертпейді» -
ОСК Мәжіліс депутаттары сайлауының алдын ала қорытындысын жариялады