- Басты
- Жаңалықтар
- Қарулы Күштерде экипаждардың, есептоптар мен бөлімшелердің ауқымды дайындығы басталды (ФОТО)
Қарулы Күштерде экипаждардың, есептоптар мен бөлімшелердің ауқымды дайындығы басталды (ФОТО)
Жауынгерлік арналымға сәйкес ұрыстың тың жағдайларында жауынгерлік іс-қимылдарды жүргізуге әскери қызметшілердің ұдайы әзірлігін қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар ағымдағы жылғы қаңтардың 4-і мен 20-ы аралығында өтеді.
Аталмыш дайындық лезде бірнеше мақсатқа қол жеткізуге мүмкіндік береді. Соның ішінде, экипаждардың, есептоптардың, бөлімшелердің үйлесуі мен далалық, әуе және теңіз машығын жетілдіру, жеке құрамның қару-жарақ пен әскери техниканың жаңа үлгілерін меңгеруі, қауіпсіздік талаптарына сәйкес оған техникалық қызмет көрсету және жауынгерлік қолдануға әзірлікте ұстап тұруға білім мен дағдыны арттыру.
Одан басқа, сабақтар жеке құрамның жоғары психологиялық тұрақтылығы мен дене төзімділігін, тәртіптілігі мен жауапкершілігін шыңдауға, жалпыәскери ұрыс қиындықтары мен күрделі жағдайлардағы жүктемелерді еңсеруге септігін тигізеді.
Қарулы Күштерде экипаждарды, есептоптарды, бөлімшелерді дайындау алдында қазақстандық армияда жаңа 2017 оқу жылы басталысымен мамандықтар бойынша әскери қызметшілердің жеке дара даярлығы болып өткенін айта кеткен жөн.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері