- Басты
- Жаңалықтар
- Павлодар облысының Ақтоғай ауылында су құбыры құрылысының барысын талқылады
Павлодар облысының Ақтоғай ауылында су құбыры құрылысының барысын талқылады
5 Қаңтар, 2017 11:19
Сенат депутаттары аймақтарға сапарға аттанды. 4 қаңтарда сенатор Манап Көбенов Павлодар облысындағы Ақтоғай ауданында болды, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Аудан әкімі Ағыбай Әміринмен кездесуде аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы басымдыққа ие мәселелер талқыланды.
Атап айтқанда, Ақтоғай ауылындағы әр үйді ауыз сумен қамтамасыз ететін су құбыры құрылысының ІІ кезеңін іске асыру келешегі қаралды. 2017 жылы бұл бағдарламаны іске асыруға республикалық бюджеттен 930 миллион теңге бөлу көзделіп отыр. Депутат Ақтоғай ауылындағы балалардың өнер мектебінің жұмысымен танысып, Ақтоғай ауданының құрметті азаматы Жасұлан Шорманов басқаратын «Ауылдастар» клубының ардагерлерімен әңгімелесті. Таяу күндері М. Көбенов Екібастұз және Ақсу қалаларына, сондай-ақ Павлодар облысындағы бірқатар аудандарына баруды жоспарлады.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
ІІМ: Балаларға қарсы қылмыстардың жолын кесу және есірткінің таралуын болдырмау шаралары -
Жолдау-2021: Экономиканың сапалы өсуін қамтамасыз ету шаралары -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді