- Басты
- Жаңалықтар
- Жамбыл облысы Жаңатас қаласынан 70 отбасы жаңа пәтерлерге ие болды
Жамбыл облысы Жаңатас қаласынан 70 отбасы жаңа пәтерлерге ие болды
5 Қаңтар, 2017 09:21
Жамбыл облысы Сарысу ауданының Жаңатас қаласында жаңа пәтер кілттері салтанатты түрде табысталды.
Облыстық әкімдікте хабарлағандай, үй алуға кезекте тұрған 70 отбасы қоныс тойын тойлады.
Өндірістік құрылыс компаниясы биылғы жылдың 6 айы ішінде 70 пәтерлі көпқабатты тұрғын үйді толық қайта құрудан өткізді. Қайта құру құны - 192,1 млн теңге.
Коммуникация қалпына келтіріліп, іргелес аумақ абаттандырылды.
«Тұрғын үй проблемаларын шешу, тұрғын үйдің сапасын және оған қолжетімділікті арттыру мемлекеттік саясаттың ең маңызды басымдықтарының қатарында», - деп атап өтілді әкімдікте.
Жамбыл облысында тәуелсіздік жылдары ішінде төрт миллион шаршы метрге жуық тұрғын үй пайдалануға берілген. Алдағы он жыл ішінде тағы 4,5 миллион шаршы метрін салу жоспарлануда.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Ғылымдағы жаңашылжықтар: Не өзгерді -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
Бақытжан Мәуленбердиев: Құтқарушы ең алдымен ержүрек әрі батыр болу керек -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары