• Басты
  • Жаңалықтар
  • Мәжіліс депутаттары Қостанай облысының шаруаларына АӨК дамыту басымдықтары туралы айтып берді

Мәжіліс депутаттары Қостанай облысының шаруаларына АӨК дамыту басымдықтары туралы айтып берді

4 Қаңтар, 2017 20:41
«Нұр Отан» партиясынан Мәжіліс депутаттары Ирина Аронова, Иван Клименко, Сапархан Омаров, Наталья Жумадильдаева жұмыс сапарымен Қостанай облысына келді.

Парламент Мәжілісінде хабарлағандай, депутаттар С.Омаров және И.Клименко Қостанай ауданының Озерное ауылындағы «Карл Маркс» ЖШС-ға келді, ауыл шаруашылығы кәсіпорнының директоры Иван Вечтейнмен және жұмысшылармен кездесуде 2017-2021 жылдарға арналған АӨК дамыту басымдықтары туралы айтып берді. Осы ретте шаруалар субсидиялау мәселелерінің өңір үшін маңыздылығын атап өтті. 

Бұдан бөлек, Мәжіліс депутаттарының қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Мәжілістің Аграрлық мәселелер комитетінің төрағасы Сапархан Омаров жиналғандардың алдында сөз сөйлей отырып, өткен жылдар ішінде ел Парламенті АӨК саласын реттеу саласындағы бірқатар маңызды заңдар қабылдағанын атап өтті. Қазақстанда тауар өндірушілердің кәсіпкерлік бастамасын қорғау мен қолдауға бағытталған аграрлық сектордың заңнамалық негізі құрылған.

Агроөнеркәсіп кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын талқылау барысында депутаттар корпусы ескертулер мен ұсыныстар айтып, Үкіметке тиісті ұсынымдар жіберілген.

Тиісті кезеңге арналған республикалық бюджет қабылданған кезде Аграрлық мәселелер комитетінің мүшелері жаңа Бағдарламаны толық қаржылық қамтамасыз ету мәселесіне баса назар аударатын болады. 

Барлық жаңалықтар