• Басты
  • Жаңалықтар
  • PISA халықаралық жобасының нәтижесі - Қазақстанның дамыған 30 елдің қатарына енуінің басты индикаторы – А.Құлтуманова

PISA халықаралық жобасының нәтижесі - Қазақстанның дамыған 30 елдің қатарына енуінің басты индикаторы – А.Құлтуманова

11 Желтоқсан, 2013 17:45
PISA халықаралық жобасының нәтижесі Қазақстанның әлемнің бәсекеге қабілетті 30 еліне енуінде басты индикатор болып табылады, деп мәлімдеді Ұлттық білім беру статистикасы мен бағалау орталығының директоры А.Құлтуманова.

«PISA-2012 нәтижелерін таныстыруында халықаралық сарапшылар математикалық сауаттылық бойынша қазақстан оқушыларының жетістіктерін атап өтті. Бұл біздің еліміздегі білім беру саясатының дұрыс жолға қойылғаны мен оның тиімді түрде орындалғанының көрінісі. Білім және ғылым министрлігі тарапынан мектеп оқушыларының білімін арттыруға бағытталған түрлі шаралар қолға алынуда. PISA халықаралық жобасының нәтижесі Қазақстанның әлемнің бәсекеге қабілетті 30 еліне енуінде басты индикатор болып табылады», - деді А.Құлтуманова.

Оның айтуынша, қазіргі таңда халықаралық мәліметтер базасын зерттеу жұмыстары басталды.

«Осымен қатар, қазақстандық оқушылардың PISA-2015 жобасына дайындау жұмыстары да жасалуда. Бағдарламаларды жетілдіру бастамалары да қолға алынуда. Мониторингтік зерттеу мен халықаралық стандарттарға сай педагогтардың біліктілігін арттыру жұмыстары іске асуда», - деп толықтырды ол.

Барлық жаңалықтар