- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада ЭКСПО тарихы туралы кітап көрмесі ашылды (ФОТО)
Астанада ЭКСПО тарихы туралы кітап көрмесі ашылды (ФОТО)
Ұйымдастырушылардың айтуы бойынша, көрменің мақсаты – Тәуелсіз Қазақстанның бай тарихын ашу, оқырмандарды және астана қонақтарын ЭКСПО тарихымен таныстыру, оған дайындық және өткізілуі туралы айтып беру.
ҚР ҰАК басшысы Дариға Дәуренбекова атап өткендей, көрмеде ұлттық кітапхана қорларынан екі жүзден астам дереккөз және ЭКСПО орталығынан тарату материалы ұсынылған.
«Көрме төрт бөлімнен тұрады: «ЭКСПО тарихы», «Астана ЭКСПО-2017», «Қазақстан», «Болашақтың энергиясы». 400-ден астам кітап ұсынылады, олардың арасында «Лондоннан Астанаға дейін халықаралық көрме тарихы» Дүниежүзілік көрмелер тарихы туралы кітабының үш томы бар», - деп хабарлады Д. Дәуренбекова.
Сондай-ақ ол көрменің ЭКСПО-2017 көрмесі аяқталғанға дейін жұмыс істейтінін және мерзім сайын жаңартылып және толықтырылып отыратынын айтты.
Қайрат Жандыбаев
Сурет Азамат Әлиев
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Тоқаев COVID-19-дан кейінгі қалыпқа келу, климат дағдарысы және Ауғанстандағы гуманитарлық жағдай туралы -
Машина жасау: Өндіріс көлемі, экспорт және саланың өзекті мәселелері -
ІІМ: Терроризм актілері туралы жалған хабарламаларды ашу және тергеу шаралары -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
Пандемия Қазақстан экспортына қалай әсер етті -
"Жусан" операциясы туралы деректі фильм жарыққа шықты -
Елордада Дина Нұрпейісованың ескерткіші ашылды -
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды