- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан БҰҰ ҚК отырысына тұрақты емес мүше ретінде қатысты
Қазақстан БҰҰ ҚК отырысына тұрақты емес мүше ретінде қатысты
Осы күні Қауіпсіздік кеңесінің барлық делегация басшыларының дәстүрлі жұмыс кездесуі өтті. Олар: Боливия, Ұлыбритания, Мысыр, Қазақстан, Қытай, Ресей, Сенегал, АҚШ, Украина, Уругвай, Франция, Швеция, Эфиопия және Жапония.
Шара Швеция Корольдігінің миссиясы аясында аталмыш елдің Тұрақты өкілі Олаф Скуганың төрағалығымен өтті.
БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің мүшелері алдында Б.Садықов аталмыш орган жұмысында Қазақстан үшін басымдылықтарды айтып өтті. Оның ішінде дипломатия мен сенім қарым-қатынасын нығайту, халықаралық лаңкестікке қарсы тұру және ядролық қаруды таратпау мәселелері бар.
Ведомствода хабарлағандай, 4 қаңтарда Кеңестің Сириядағы жағдай бойынша жабық консультациясы өтеді.
Айдың маңызды шараларының бірі биылғы жылдың 10 қаңтарына белгіленген БҰҰ ҚК дебаттары, шара «Бейбітшілікті сақтау жолында даулардың алдын алу» тақырыбында өтеді.
Шараға БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш пен ҚК мүше елдерінің бірқатар сыртқы саяси ведомстволардың басшылары, ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов қатысты.
17 қаңтарда төрағалар деңгейінде Таяу Шығыстағы жағдай мен Палестина мәселесі бойынша ашық дебаттар өтеді.
Қазақстан төрағалығымен Сомали мен Эритере және лаңкестік топтарымен күресу бойынша БҰҰ ҚК Комитетінің отырысы өтті.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру