• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстанда ҮЕҰ әлеуметтік жобаларын қаржылық қолдаудың жаңа нысандары енгізілді

Қазақстанда ҮЕҰ әлеуметтік жобаларын қаржылық қолдаудың жаңа нысандары енгізілді

4 Қаңтар, 2017 11:48
Қазақстанда «100 нақты қадам» ұлт жоспарын іске асыру аясында ҮЕҰ әлеуметтік жобаларын қаржылық қолдаудың жаңа нысандары енгізілді.

Ұлт жоспарының «Біртектілік пен бірлік» атты 4-бағыты аясында «менің елім» азаматтық біртектілікті нығайтудың жалпы ұлттық жобасы әзірленіп, іске асырылған.

87-қадам аясында Заң, бірқатар нормативтік құқықтық актілер қабылданды, оларда мемлекет пен үкіметтік емес ұйымдардың өзара іс-қимылы жүйесінің едәуір өзгерістері көзделген.

Нәтижесінде ҮЕҰ әлеуметтік жобаларын қаржылық қолдаудың жаңа нысандары – гранттар мен сыйақылар енгізілді. Гранттар беруді құрылған Гранттық қаржыландыру операторы – «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы жүзеге асырады. Гранттар беру рәсімі ҮЕҰ үшін бейімделген, арнайы әзірленген Қағидалармен регламенттеледі.

Осы ретте, 2016 жылы 208 млн теңге сомасына 11 жоба іске асырылған.

ҮЕҰ ұсыныстары негізінде 2017 жылға арналған гранттар беру жоспары құрылған. 2017 жылдан бастап сәтті әлеуметтік жобаларды іске асырған үкіметтік емес ұйымдарға сыйақы беру тетігі енгізілетін болады. Сыйақылар үміткерлерге қоғамдық ұсыныстардың және олардың қызметін қоғамдық бағалаудың негізінде беріледі. Үміткерлерді іріктеуді ҮЕҰ-мен іс-қимыл жасау жөніндегі үйлестіру кеңесі өткізеді.

Екіншіден, ҮЕҰ дерекқорын енгізу арқылы әлеуметтік салада ҮЕҰ жұмысы туралы көпшілікке есеп беру практикасы кеңейтілген.

Бүгінгі таңда 2,5 мыңнан астам ҮЕҰ туралы мәлімет жиналған. Қазір ашық ақпараттық ресурс – «ҮЕҰ дерекқоры» қалыптастырылып жатыр. 2017 жылдан бастап ол ашық портал түрінде жұмыс істеп, қазақстандық және шетелдік ҮЕҰ толық ашықтығын қамтамасыз етеді. 2017 жылдан бастап ҮЕҰ ақпараттық ресурс арқылы мәліметтер бере алады.  

Үшіншіден, ҚР Премьер-Министрінің Өкімімен ҚР-да үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттің өзара іс-қимылын дамыту жөніндегі 2016-2020 жылдарға арналған ұлттық жоспар бекітілген.  

Осы саладағы ынтымақтастықтың негізгі басымдықтары Жоспарда айқындалған бағыттар болмақ. Бұл – қоғамдық мониторинг жүйесін дамыту, ҮЕҰ-ның жергілікті өзін-өзі дамытуға қатысуы, мемлекет пен ҮЕҰ-ның салалық ынтымақтастығын одан әрі кеңейту,  халықаралық және шетелдік ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл жасау.

Барлық жаңалықтар