• Басты
  • 2016 жылы Батыс Қазақстанда 17 білім беру нысаны ашылды

2016 жылы Батыс Қазақстанда 17 білім беру нысаны ашылды

4 Қаңтар, 2017 10:21
2016 жылы Батыс Қазақстанда 17 білім беру нысаны ашылды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Экономикасы мен өркениеті дамыған қай мемлекетті алып қарасаңыз да олар зияткерлік әлеуетімен ерекшеленеді. Педагог кадрларды даярлау, білім беру нысандарын салу мен жөндеу сияқты аса жауапты істе мемлекет аянып қалған жоқ.

90-шы жылдары бастан кешірген тоқыраудағы мұғалімдердің айлар бойы жалақысына қол жеткізе алмай жүретін күндер бүгінде келмеске кетті. Биылдың өзінде облысымызда 17 білім беру нысаны күрделі жөндеуден өтті, оның 13-і мектеп, үшеуі - балабақша, біреуі - лагерь.

 «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша балабақша мен мектеп  салынды. Орал қаласында келесі жылы аяқталатын екі мектептің құрылысы жүріп жатыр.

  2017 жылы облыс орталығында 4, Зеленов ауданының Дарян ауылында 1 мектеп бой көтермекші. Елбасымыз білім жүйесінің еліміздің адами капиталының дамуы мен экономикалық өсуінде алатын орнының зор екендігін атай келе, 12 жылдық білім беруге көшуге біртіндеп өтуді жалғастыру тәрізді бірқатар тапсырмаларды алға қойды.

 Қазіргі заманның басты талабы – үнемі жетіліп, жаңарып отыру. Соның ішінде білім саласында болып жатқан жасампаз өзгерістердің маңызы зор, - деген Алтай Сейдірұлы білім саласының қызметкерлерін келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, ұрпақ тәрбиесіндегі келелі қызметтеріне толағай табыстар тіледі.

  2015-2016 оқу жылы жаңартылған білім мазмұнының қанатқақты жобасына енгізу бойынша республикамыздағы 30 мектептің қатарында облысымыздан Орал қаласындағы №36 және Теректі ауданындағы Шаған орта мектептері болғаны белгілі. Жиын барысында аталмыш бағдарламаның қазіргі уақытта білім ұяларында жүзе асуы турасында мектеп басшы, мұғалімдер баяндама жасады.

 

Барлық жаңалықтар