- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев: Алдағы 2017 жылдың еншісінде де айтулы оқиғалар мен ауқымды істер мол болады
Н.Назарбаев: Алдағы 2017 жылдың еншісінде де айтулы оқиғалар мен ауқымды істер мол болады
"Қымбатты отандастар!Санаулы сәттерден соң біз Жаңа 2017 жылға қадам басамыз.Өтіп бара жатқан Мешін жылы еліміз үшін ерекше мерейлі меже болды.
Биыл бүкіл халық болып, қастерлі Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығын атап өттік.Жас мемлекеттің ширек ғасырлық шежіресі ел тарихында алтын әріппен жазылды.
Бұл – біздің маңдайымызға бұйырған мерейлі мәртебе, еншімізге тиген ерен бақыт.Жаңа жылды қарсы алар сәтте береке-бірлігі жарасқан халқыма зор алғыс айтамын!
Биылғы мерейтойлық жыл біз үшін бірқатар маңызды шараларға толы болды.Елдің саяси өміріндегі елеулі науқан – Парламент сайлауын өткіздік.
Ұлы мақсат көздеген Ұлт жоспарының алғашқы жылын табысты аяқтадық.Алдағы 2017 жылдың еншісінде де айтулы оқиғалар мен ауқымды істер мол болмақ.Еліміз Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде қызметін бастайтын болады.
Бұл – кез келген мемлекет қол жеткізе бермейтін асқақ абырой, мәртебелі міндет.Келер жылы Астана меймандары «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінде бас қосатын болады.Сонымен қатар, Алматыда дүние жүзілік Қысқы универсиаданың алауы жағылады.
Еңселі елордамызда Ислам ынтымақтастық ұйымының саммиті өтеді.Ел қуатты болмай, бақ тұрақты болмайды.Халықтың әл-ауқатын арттырып, экономикамызды дамытуға арналған шаралар жалғасын табады.Біз енді Тәуелсіз еліміз үшін жаңа 25 жылдықтың жарқын парағын ашамыз.
Табалдырықтан аттағалы тұрған Жаңа жыл табысты да тағылымды жыл болсын!", - делінген құттықтауда.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады