- Басты
- ЭКСПО-2017 көрмесінде Абай өлеңдерінің жинағы кәдесый ретінде ұсынылмақ
ЭКСПО-2017 көрмесінде Абай өлеңдерінің жинағы кәдесый ретінде ұсынылмақ

Ақын шығармаларын әлемге таныту, дүниежүзілік маңызын насихаттау мақсатында Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-мұражайы қазақ, қытай, ағылшын, орыс тілдерінде өлеңдер жинағын баспаға дайындаған.
Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы – адамзат өркениетінің рухани әлеміндегі жарық жұлдыздарының бірі болып табылады. Ұлы ақынның шығармашылық мұрасы – халқымыздың ғасырлар бойы маңызын жоймайтын рухани қазынасы. Ол келешек заман үшін де ұлттық құндылығымыздың биік шоқтығы болып қала береді.
2016 жылдың желтоқсан айында «Семей-Көркем» баспаханасынан жарық көрген кітаптарға Ұлы ақынның көпшілікке кең танымал шығармалары енгізілді.
Данышпан ақынның баға жетпес асыл мұрасы «ЭКСПО – 2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің қонақтарына кәдесый ретінде ұсынылмақ. Бұл топтаманың ерекшелігі, саяхатшылар үшін қойынға салуға ыңғайлы етіп шығарылған.
Жинақта суретшілер Н.Өтепбаев (Абай портреті), Е.Сидоркиннің (графика) туындылары пайдаланылды.
Қазақ халқының дара тұлғасы Абайдың ынтымақ пен бірлікке шақырған өсиетті сөзін насихаттауда кітаптың атқарары мол болмақ.
-
Зейнетақы жинағын емге жұмсау қалай жүзеге асады
-
Сайлау: мемлекетті қалыптастырудың құралы ретінде
-
Тәуелсіздік жылдарындағы мәслихат рөлі: Мәслихаттар саяси институт ретінде қалыптасты ма
-
Мәдениет министрі әлеуметтік желіде дінді насихаттайтын «жұлдыздарға» қатысты пікір білдірді
-
Н.Назарбаев: Абай - ескінің соңы мен жаңаның басын жалғаған алтын көпір
-
Зейнетақы жинағы: Кімдер, қандай мақсатта ала алады және шарттары қандай
-
Шерзод Пулатов: Тоқаев біртұтас Қазақстан халқы ретінде ұстанатын ұстанымды нақты айқындап берді
-
Атырауда "Абай" күні туылған сәбиге Абай есімі берілді
-
Абайтанушы Алмахан Мұхаметқалиқызы: Абайтануды оқушылардың жасына қарай кезең-кезеңімен оқыту керек
-
Абай175: Ұлы ақын туғaн өңiр туристік нысанға айналды
-
Бауыржан Қарағызұлы, ақын: Абай күні – ақыл күні
-
Жақыпбек Алтайұлы, философ, профессор: Абай аты мен мұрасы - қазақтың бренді
-
Абай күніне орай қандай іс-шаралар өтіп жатыр
-
Абайдың 175 жылдығына орай монеталар шығарылды
-
Абай күні: Абай саябағы мен Құнанбай музейі қашан пайдалануға беріледі/ Музейге қандай жәдігерлер қойылады

