- Басты
- Жаңалықтар
- Павлодар облысының 3 ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды
Павлодар облысының 3 ауылында фельдшерлік-акушерлік пункт ашылды
Мұнда екпе кабинеті, акушер-гинекологтың, ем жасайтын және дәрігердің қабылдау жүргізетін бөлімдері бар. Бұдан басқа мекемеге скринингтік тексеріс жүргізу құрылғысы, жүрек ауруларын зерттейтін жабдықтар және тегін медициналық көмек көрсетуге арналған медициналық құралдар сатып алынған.
«Медициналық мекеменің ашылуы ауылдың екі тұрғынын жұмыспен қамтуға мүмкіндік берді. Бұдан басқа мұнда Ақсу қаласынан акушер-гинеколог, хирург, невропатолог, кардиолог дәрігерлері де келіп тұрады», - деді Ақсу қаласы орталық ауруханасының басшысы Мақсат Мұқашев.
Ғимараттың ашылу салтанатына қатысқан облыс әкімі Болат Бақауов ауылда жұмыс істеп жүрген медициналық қызметкерлерге міндетті түрде мемлекет тарапынан қолдау көрсетілуі тиіс екенін атап айтты.
«Дәрігерлерді тұрғын үймен қамтамасыз етуді жалғастыруымыз керек. Алдағы көктемде ауыл дәрігерлеріне арналған үйдің құрылысы басталады. Жоба бойынша үй электрлік және қосымша қазандықпен жабдықталатын болады», - деді аймақ басшысы.
Фельдшерлік-акушерлік пунктің ашылуы келесі жылға жоспарланған болатын, алайда мердігер нысанды уақытынан ерте тапсырды. Осындай фельдшерлік-акушерлік пункт Качир ауданының Жаңабет ауылында және Ертіс ауданының Иса Байзақов ауылында да ашылды.
-
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Елордада Жеңіс Нұрлыбаевтың «Пандемия. Шектеу. Самғау...» атты жеке көрмесі ашылды -
Жол картасы аясында 5,5 мыңға жуық жұмыс орны ашылды -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
Салық заңнамасындағы жаңашылдықтар -
Елордада Дина Нұрпейісованың ескерткіші ашылды -
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды -
Ақтөбе облысының дамуы: Өңірдегі эпиджағдай, инвестиция және ШОБ-ты қолдау шаралары -
Ақмола облысының дамуы: Азық-түлік бағасын тұрақтандыру, инвестиция және түрғын үй мәселері -
Атырау облысының дамуы: Эпидемиологиялық ахуал, инвестиция, ШОБ және тұрғын үй мәселелері -
Павлодар облысының дамуы: Инвестиция, ауыл шаруашылығы және жол мәселелері -
Маңғыстау облысының дамуы: Туризм, ауыл шаруашылығы, инвестиция және ауыз су мәселесі -
Қызылорда облысының дамуы: Тұрғын үй құрылысы, азық-түлік қауіпсіздігі және білім саласы