- Басты
- Жаңалықтар
- ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу бойынша Қазақстанның перспективасы
ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу бойынша Қазақстанның перспективасы
Қазақстан Үкіметі мен ХКБ арасындағы келісім халықарлық қатысушыларға ЭКСПО-2017 қатысу құнын айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді,дееген еді «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов.
«Біз халықаралық қатысушылар үшін ең ыңғайлы жағдай жасауға ерекше назар аударудамыз. Қазақстан мен ХКБ арасында «Си Агримент»келісімшартына қол қойылды. Аталмыш келісім қабылдаушы тарапынан ресми қатысушыларды қамтамасыз ететінін жеңілдіктер мен артықшылықтарды қарастырады. Олар салықтардан босатылу, кедендік рәсімді қысқарту, сақтандыру және т.б. Осы орайда, Қазақстан өткен жылғы көрмемен салыстырғанда жеңілдік жасау тізімдерін ұлғайтады. Аталмыш жеңілдік ЭКСПО-2017 қатысу құнын төмендетуге мүмкіндік береді»,-деді ол.
Айта кетейік, салық жеңілдігі тауар, қызмет, жұмыс, Қазақстан Республикасының аумағында комиссар кеңсе бөлімін сатып алуда, сонымен қатар қоғамдық тамақтандыруды ұйымдастыру қызметінде жүзеге асырылатын түсімдер бойынша ҚҚС-дан босатылады.
Сонынмен қатар, А.Есімовтың айтуынша, Көрме аумағында 1374 пәтерден тұратын тұрғын үй кешендерінің құрылысы аяқталуда. Ол қолжетімді бағамен ала алатын қатысушыларға арналған.
ЭКСПО-2017 қоғамға жаһандық энергетикалық проблеманы түсінуге көмектеседі. Барлықтарыңызды ЭКСПО-2017 ұсынып отырған көрменің білім беру күші мен мүмкіндіктерінің маңыздылығы туралы ойлануға шақырамын, деп Халықаралық көрмелер бюросының Бас хатшысы В. Лоссерталес айтып өтті.
«ЭКСПО-2017 көрмесі қоғамға жаһандық энергетикалық проблеманы түсінуге көмектеседі және бұл жерде Қазақстан өзін тұрақты дамуы бар, «жасыл» экономикаға көше алатындығын мәлімдей алады»,-деді ол.
Көрменің бас хатшысының айтуынша, ЭКСПО-2017 қатысушыларына жаһандық энергия алдында тұрған өз ойларын, шешімдерін ұсынып және мәселені шешуге жоғары сатысы пайда болады.
«ЭКСПО-2017- жаһандық деңгейде энергетикалық проблемаларды шешу үшін қандай жағдай жасау керектігін талқылау үшін жаңа мүмкіндік болып табылады. «Болашақтың қуаттылығы» тақырыбы көрмені қызықты қылдыра түседі»,- деді ол.
Оның айтуынша, Қазақстан көрмені өткізуде шетелдіктер үшін ашық болады.
Халықаралық «Астана» қаржы орталығы мен Халықаралық арбитражды орталықта қаржы соты жұмыс істейтін болады. Бұл құқықтық жүйені жүзеге асыру Халықаралық «Астана» қаржы орталығының басты ерекшелігі болмақ. Аталмыш жүйе шетелдік инвесторлардың Қазақстанға сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Халықаралық «Астана» қаржы орталығының қатысушылары ретінде халықаралық және отандық компаниялар, брокерлік-диллерлік қызмет көрсетушілер, андеррайтингтік қызмет, инвестициялық компаниялар, ислам банкі, сақтандырушы компаниялар және тағы басқалар шақырылатын болады. Халықаралық «Астана» қаржы орталығының қатысушыларына қызмет көрсету үшін заңгерлік, аудиторлық, бухгалтерлік және консалтингтік компаниялар тартылады.
-
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Шетелдік сарапшы: “Елбасы мен ел президентінің съезді өткізудегі еңбегін жоғары бағалаймын” -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Сенсорлық интеграция бойынша жаттықтырушыларды оқыту басталды -
Олимпиада ойындарын өткізу: шығын ба әлде табыс па -
Антикор: Қылмыстық істер бойынша 110 лауазымды тұлға ұсталды -
Көмірсутек шикізаты бойынша жер қойнауын пайдалану саласының дамуы -
Антикор: Жыл басынан бері жемқорлық бойынша 500-ге жуық адам сотталған -
Мүгедектігі бар адамдардың құқығын қорғау бойынша заңнамаға түзетулер енгізілмек -
Инфекционист: БҚО бойынша вакциналау қарқыны жоғары деңгейде жүріп жатыр -
Әлеуметтік қызметтер порталын қолдау бойынша байланыс орталығы іске қосылды