- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі БАӘ-мен қарым-қатынастарды реттеуде
ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі БАӘ-мен қарым-қатынастарды реттеуде
Министрлікте хабарлағандай, сапар аясында БАӘ Ислам және вакуфтар істері агенттігінің Төрағасы Мухаммед Матар Салем аль-Каабимен, БАӘ Толеранттылық жөніндегі мемлекеттік министрінің міндетін атқарушы Рашид ат-Танейджи мырзамен, сондай-ақ зорлық экстремизмге қарсы күрес жөніндегі «Хедая» халықаралық орталығының атқарушы директоры Максуд Круз мырзамен кездесулер өткізілді.
Тараптар екі елдің көшбасшылары Нұрсұлтан Назарбаев пен шейх Халиф бен Заид Аль Нахаян арасындағы достық қарым-қатынастар негізіндегі екіжақты ынтымақтастықтың жоғары деңгейін атап өтті.
Кездесулер барысында мемлекет пен діни бірлестіктердің өзара іс-қимылы, діни қызметті реттеу, мәдениетаралық және конфессияаралық диалогты қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Діни экстремизмнің алдын алу мәселелері бойынша пікір алмасу өтті.
Министр БАӘ үкіметі қабылдаған ұлттық толеранттылық бағдарламасын, толеранттылық кеңесі мен орталығын құру, Әмірліктерде ұлттық немесе діни белгілер бойынша кемсітушілікке төзбеушілік атмосферасын қалыптастыру бойынша шараларды оң бағалады.
Н. Ермекбаев «Хедая» халықаралық орталығында болған кезде әлемдік аренада іске асырылып жатқан зорлық экстремизмге қарсы іс-қимыл жасау жөніндегі тиімді бағдарламаларды, сондай-ақ оларды үкіметтік емес секторды іске асыруға тартудың озық практикасын оң жағынан атап өтті. Көптеген елдерде өзін оң жағынан көрсеткен осы ұйыммен Қазақстанның ынтымақтастығын кеңейту туралы ниет білдірілді.
Сапар қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі мен Біріккен Араб Әмірліктерінің Ислам және вакуфтар істері агенттігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою туралы келісімге қол жеткізілді.
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ЖОО-ларды қаржыландыру, академиялық адалдық саясаты және оқытушылар жалақысы -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
QAZFORUM: Интернет сайттардың міндеті, «Инфодемия» мәселесі және «Фактчекинг» талабы