• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан PISA-2012 халықаралық емтиханның қорытындысы бойынша математикадан 49-шы орын алды

Қазақстан PISA-2012 халықаралық емтиханның қорытындысы бойынша математикадан 49-шы орын алды

11 Желтоқсан, 2013 16:35
2013 жылдың 3 желтоқсанында Экономикалық әріптестік және даму ұйымы PISA-2012 қорытындысын жариялады. 65 елдің ішінде қазақстандық қатысушылар математикадан 49-шы орын алды. 52 орын – жаратылыстану дисциплинасынан, 63 орын оқу сауаттылығынан, деп мәлімдеді PISA-да (жаратылстану ғылымдары, математика және оқу салаларында білім алып жатқан оқушылардың білім жетістіктерін халықаралық бағалау бағдарламасы) 15 жылдық білім алудағы халықаралық білім деңгейін зерттеуге Қазақстанның қатысу қорытындысына арналған баспасөз конференциясы барысында Ұлттық білім беру статистикасы мен бағалау орталығының директоры Алмагүл Құлтуманов мәлімдеді.

«Қазақстан PISA жобасына өзіндік шешім қабылдай отырып қатысуға мүмкіндік алды, осылайша әлем елдері алдында білім берудің саясатын ұстанғанын дәлелдеді. PISA 2000 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Ол үш жылда бір рет өткізіледі. Уақыт өткен сайын қатысушы елдер саны да арту үстінде. Мысалға, 2000 жылы жобаға тек 32 ел қатысса, келесі PISA-2015 жобасына 70 ел өтініш беріп отыр. Қазақсан осымен екінші рет қатысып отыр», деді орталықтың директоры.

Оның айтуынша, Қазақстанның аталмыш зерттеуге қатысуы мектептегі білім беру сапасын халықаралық бағалау мен білім беру сапасын жетілдіруге мүмкіндік береді.

65 елдің ішінде қазақстандық қатысушылар математикадан 49 орын алды. 52 орын – жаратылыстану дисциплинасынан, 63 орын оқу сауаттылығының көрсеткіші болды. Естеріңізге сала кетейік, PISA жобасы жаратылстану ғылымдары, математика және оқу салаларында білім алып жатқан оқушылардың білім жетістіктерін халықаралық бағалау бағдарламасы болып табылады.

Қатысушыларды іріктеу Халықаралық Консорциум тарапынан жасалады. Халықаралық сынақта Қазақстан атынан 218 білім беру ұйымынан (200 мектеп пен 18 колледж) 15 жасар 5808 жасөспірім қатысты. Жалпы қатысушылардың саны 510 мың болған.

«Бастысы, біз мектептегі білім беру сапасын анықтаудың тәуелсіз бағалауына қол жеткіземіз. Екіншіден, біз білім беру бағдарламаларын халықаралық талаптармен салыстыра отырып талдаймыз. Үшіншіден, біз жобаның теңдессіз құралымен сапаны бағалаудың ұллтық жүйесімен танысамыз», - дейді орталық директоры.

Барлық жаңалықтар