- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтөбеде әйелдер мен балаларға арналған дағдарыс орталығы ашылды (ФОТО)
Ақтөбеде әйелдер мен балаларға арналған дағдарыс орталығы ашылды (ФОТО)
« Өкінішке қарай, өмір болған соң, адамдардың басында әр түрлі қиын жағдайлар болып қалады. Сондықтан біз өз тарапымыздан оларға қол ұшын созуымыз керек. Қазіргі таңда Қазақстанда осындай 17 орталық жұмыс жасайды. Бірақ, Ақтөбеде жоқ болатын. Біз бұл мәселені мемлекеттік жеке серіктестіктің көмегімен шештік. Аталмыш дағдарыс орталық - Қазақстандағы ең ірісі болып саналады және мұнда бір уақытта 200-ге тарта адам қабылдауға болады. Жобаны жүзеге асыру үшін компания 300 млн теңге бөлді»,-деді Бердібек Сапарбаев ЖШС басшылығына маңызды мәселені шешкендері үшін алғысын білдірді.
Орталықта психолог, әлеуметтанушы, заңгер, еңбек нұсқаушысы сияқты 60 қызметкері бар әлеуметтік-психологиялық бөлім жұмыс жасамақ. Стационарлық баспанаға келген әйелдер өз мәселелерін шешіп алмайынша 1-6 ай көлемінде тұра алады.
Психикалық-физикалық зорлыққа тап болған, жақындарынан айрылған әйелдер, мүгедектер, жалғыз басты және кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар аналар, үйі өртке оранған отбасылар, балалар үйі мен мектеп-интернаттарының түлектері, қиын жағдайға тап болған жасөспірім қыздар және т.б. осы жерден пана табады.
Дағдарыс орталығының қызметтері тек физикалық және эмоциялық қауіпсіздікке зәру жандарды уақытша, жабдықталған баспанамен қамтамасыз етуге, ата-аналық тиімділікті қалыптастыруға, сана-сезімді, өз өзін бағалауға, психологиялық-эмоциялық саланы түзетуге бағытталып қана қоймай, сонымен қатар тәуелсіз және өз бетінше өмір сүруге қалыптастырады.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады