- Басты
- Жаңалықтар
- 1993 жылдан бастап ПБХҒО-да ауыр онкогематологиялық аурумен сырқаттанған 10 мың бала емделді
1993 жылдан бастап ПБХҒО-да ауыр онкогематологиялық аурумен сырқаттанған 10 мың бала емделді
Оның ішінде 0-18 жас аралығындағы алғашқы диагнозы жіті лейкоз деп анықталған 3 мың бала 75%-да толық клиникалық-гематологиялық ремиссияға қол жеткізді.
ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, ПБХҒО қызметінің басым бағыттарының бірі – онкогематологиялық қызметті дамыту және неонатальді кардиохирургия мен жүрек жеткіліксіздігінің қарқынды терапиясы салаларында көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын арттыру.
2012 жылы құрылған гемопоэтикалық дің жасушаларын транспланттауға арналған балалар бөлімі (әрі қарай - ГДЖТ) онкогематологиялық ауруға шалдыққан балаларды әлемдік стандарттарға сай тиімділігі жоғары емдеу шараларымен қамтамасыз етіп келеді. Аталған емге зәру әрбір бала үшін ГДЖТ қолжетімділігі қамтамасыз етіледі.
Емдеу мен диагностикалаудың жоғары технологиялы, заманауи тәсілдері - иммуногистохимия, иммунофенотиптеу, айырықша онкомаркерлерді анықтау, тіннің жұмсақтығы мен сүйек саркомасы кезіндегі дозасы жоғары химиялық терапия, сүйек саркомасы кезіндегі хирургиялық емдердің ағза сақтайтын тәсілдері, шеткі бағаналық жасушаның ісігі, оны әрі қарай транспланттау кезіндегі жоғары дозалы химиялық терапия және т.б. енгізілуде.
2012 жылдан бастап заманауи диагностикалау және емдеу жабдықтарымен қамсыздандырылған балалар кардиохирургиялық бөлімі жұмыс істейді. Қазіргі таңда ПБХҒО қызметкерлері балаларда кездесетін жүрек-қантамырлар жүйесі дамуының туабітті ақауын күрделі хирургиялық түзеу шараларыy жүзеге асырып келеді. 2013 жылдан бастап ауруды интервенциялы тәсілмен емдеу енгізілді. Бұл оталарды мейлінше аз зақымдауды қамтамасыз етіп, хирургиялық шаралардың нәтижесін жақсартады, сонымен қатар, өмір сүру ұзақтығын арттырып, оның сапасын жақсартып, мүгедектікті төмендетеді.
Көз аурулары ҚазҰҒИ мамандарымен бірлесе отырып, 2012 жылдың ақпан айынан бастап ретинопатияның үдемелі кезеңімен ауыратын шала туған балаларға хирургиялық лазер коагуляциясы жасала бастады. Өткен кезеңде 80-нен астам балаға ота жасалып, нәтижесінде олардың көру қабілеті сақталды.
Крон ауруы мен жасөспірімдік ревматоидты артритпен сырқаттанған балаларды генді-инженерлік биологиялық препараттармен емдеудің жоғары технологиялы жаңа әдістері енгізілуде. Ферментопатия, целиакия мен муковисцидоз сияқты иммуногенетикалық генезі бар ас қорыту мен бронх-өкпелік жүйе ауруларын емдеу мен диагностикалау әдістері жетілдірілуде.
Естеріңізге сала кетейік, 1932 жылы құрылған ПБХҒО республикадағы ең көне институттардың бірі болып табылады. Қазіргі таңда 280 орындық ірі педиатриялық көпсалалы ғылыми-клиникалық орталық жыл сайын 5 мыңнан астам балаларды қабылдайды. Мұнда заманауи материалдық-техникалық база мен жоғары білікті мамандармен қамтамасыз етілген.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
COVID-19: Оңтүстік Кореяда коронавирус күшейді, Францияда балалар арасында вирус жұқтырғандар саны артуда -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Президент тапсырмасы: Жаңа жылдан бастап кімдердің жалақысы өседі -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
ДСМ: Елдегі эпиджағдай, ревакцинация, Pfizer жеткізілімі және балаларды вакциналау -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Startup Bolashaq» бизнес-жобалар байқауы: Жобаға қандай өзгерістер енгізілді -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері