- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО-да 710,6 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді
ОҚО-да 710,6 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді
Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 113,8 млрд. теңгеге артық. Осы көрсеткішпен облыс республика бойынша 4-орынды иеленіп отыр.
Өндірілген өнімдердің ішінде кен өндіру 208,3 млрд. теңгенің, өңдеу өнеркәсібінде 437,8 млрд. теңгенің өнімі өндірілсе, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау саласында 52,7 млрд. теңгенің, ал сумен жабдықтау бойынша 11,8 млрд. теңгенің өнімі өндірілді.
Сонымен қатар, өңірде Индустриаландыру карта аясында жалпы құны 227,9 млрд. теңге болатын 150 жоба іске қосылды. Нәтижесінде 13,2 мың жаңа жұмыс орны ашылды. Ал 2016 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша Индустриаландыру картасындағы жобалармен 99,5 млрд. теңгенің өнімі шығарылса, өнеркәсіптің 90 пайыздан астамы жобалық қуаттылықты игерген.
Сондай-ақ, 2010-2016 жылдары Индустриаландыру картасы аясында іске қосылған жобалармен 280 млрд.теңгеден астам өнім шығарылған.
Өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттыру, шағын және орта бизнестің дамуына қолайлы жағдай жасау мақсатында облыстың барлық аудан, қалаларында 11 индустриалды аймақ құрылуда.
Нәтижелі жұмыстың арқасында 2010 жылы елімізде ең алғашқы болып құрылған «Оңтүстік» индустриалды аймағындағы кәсіпорындар мемлекеттік табыс салығына 5,3 млрд. теңге көлемінде қаржы түсірген.
Осылайша, «Оңтүстік» индустриялық аймақ кәсіпорындарының салық түсімдерінің есебінен 77,9% бюджет қаражатының орны толтырылды.
-
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
Өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарының сақталуына текеру жүргізілді -
2 млрд ағаш отырғызу: Егілетін ағаш түрлері, іске асыратын ұйымдар және қаржыландыру мәселесі -
Жұмыспен қамту: ШОБ, агроөнеркәсіптік кешен және өңірлердегі бизнес -
Қарағанды облысының дамуы: экономикалық даму, агроөнеркәсіптік кешен мен «Балқаш-Бурылбайтал» автожолы -
ҚР экономикасы: Инфляция, теңгенің құнсыздануы және дағдарысқа қарсы іс-шаралар -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға жәрдемақы түрінде 97 млрд теңге төленді -
Көктемгі егіс: 11,8 млрд теңге тұқым себуге, 24 млрд теңге техникаға бөлінді -
Жыл басынан бері көпбалалы аналар 45,6 млрд теңгеге жәрдемақы алды -
Тоқаев Жолдауындағы тапсырмалар: іске асқан реформалар мен бағдарламалар – 1 бөлім -
Агроөнеркәсіпті кешенді дамыту шаралары: Еңбек өнімділігі 2,5 есеге артады -
Жәрдемақы: Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 32 млрд теңгеден астам қаражат төленді -
СҚО-да мемлекеттік сатып алулар электронды форматқа ауыстырылып, 1 млрд теңге үнемделді